Сайтқа кіру Тіркелу

Бесікке салу дәстүрі

Туған - туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді. «Бесік алып бару» — қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүрі. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киетін, зергерлік бұйымдармен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған китінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттар да кіреді.

Тойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағилармен танысады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. Сонан соң «бесікке салу» басталады. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізетін сәбиді бесікке әйелдердің ішінен жас жағынан болсын, мінез - құлық, іс - әрекет жағынан болсын парасатты, бойы таза, инабатты, жөн білетін, ел - жұртқа сыйлы, балалы - шағалы болған бәйбішелердің бірі салады. Баланы бесікке саларда бесікті аластау ырымы жасалады. Бұл отқа табыну дәуірінен қалған ырым.

Баланы бесікке саларда бесікті саларда қарт аналардың біреуі шымшыуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кертеді. От пен оның исінен жын - шайтан, дерт - дербезе қашады мыс деп есептеген. Жаңа бесікке нәрестені бөлмес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге «тыштыма» деп, үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Әкелінген бесікке көріп отырғандар баға беріп, бесік әкелушілерге киіт беріледі. Құдағилар білезік пен жүзіктерін бір - біріне сыйлайды. Бесік жыры әндері айтылып, би биленіп, көңіл көтереді.

Дәстүрлі қазақ этнографиясы. Оқу - әдістемелік құралы. Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова, Ә. Қ. Елемесов, Е. Н. Дауенов
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы

Бесікке салу жоралғысы

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...
Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу

Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу

Мақсаты: Балаларды өз елінің дәстүрі және өмірімен таныстыру. Балаларды өз елінің салт - дәстүрін білуге құштарландыру, сұрақтарға толық жауап беруге...
Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы

Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы

Орындаушы: №21 орта мектебінің 2“А” сынып оқушысы Алшынбай Абылайхан Әділханұлы Ғылыми жетекшісі: № 21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі...
Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні

Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...
Бесік жыры

Бесік жыры

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×