«Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа əліпби бойынша əзірленді.
Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу - сызумен байланысты:
- тілдің жалғамалылығы;
- тілдің ықшамдалуы;
- тіл дыбыстарының үндестігі;
- дауыссыздардың бір - бірі мен үйлесімділігі т. б.негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип бас шылыққа алынды. Сонымен қатар
қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі жəне фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.
Ережеде:
- латын негізді əліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мəнін білдіретін əріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;
- сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сəйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;
- қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара əріппен (у, и əріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;
- қазақтың əдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;
- латыннегізді жаңа əліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ əріптерінің жазылу баламасы берілді;
- бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тəртібі көрсетілді;
- шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;
- біріккен, кіріккен, тіркесті жəне қос сөздердің емлесі, сондай - ақ бас əріппен жазылатын
атаулардың жазылуы мен тасымалдың тəртібі көрсетілді
Егемен Қазақстан газетіне шыққан ресми нұсқасын жүктеп алу
Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері
- ramuk_b
- 19 қаңтар 2019
- 2407
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері, ресми нұсқа
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі пәнінен 10-сыныптың І жартыжылдығына арналған тест
1. Қазақ халқының ана тілі А) орыс тілі В) қазақ тілі С) өзбек тілі Д) ағылшын тілі Е) татар тілі 2. Ауыз әдебиеті материалдарын жинау, бастыру...Жаңа әліпби жобасы ұсынылды
Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген...Фонетика. Дауысты дыбыстар
Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы дауысты дыбыстарды ажырату. Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс...Емтихан сұрақтары
Қазақ тілі пәнінен 5 «А» сыныбына арналған жалпы аттестаттау емтихан материалдарына аннотация. Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған қорытынды...Буын үндестігі
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.