Сайтқа кіру Тіркелу

Әйелдің 3 қалауы туралы

Әйел – құпия. Оны шешу әр еркектің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ер адамның ойы бойыншан әйелдің үш қана қалауы болады. Оны еркектің ақшасы, гауһар тас, мәңгілік жастық деп ойласаңыз қателесесіз. Өмір деген әлдеқайда қарапайым.

1) Жақындасу. Әйелдер еркектерге қарағанда тез араласқыш. Әлеуметке жақын жүреді. Олар әңгімелескенді жақсы көреді. Махаббат пен жақындасу туралы киноларды ұнатады. Еркектің ойы мен жүрегінде не барын білгісі келеді. Сол үшін күніне бірнеше рет қоңырау шалып, «Қайдасың?» деп сұрайды. Ерін қадағалау үшін қоңыраулатпайды. Тек ол туралы не ойлайтыныңызды есту үшін іздейді. Әйел жағымсыз нәрсе айтып тұрса, дәл сол сезімді бастан кешіп тұрады. Сондықтан сүйіктісі көңілсіз болса, ол оны сөйлеттіруге барын салады. Ал, еркек жалғыз қалғысы келіп тұрады. Еркек әйелмен жиі сөйлесу керектігін ұғынуы маңызды. Оларды тыңдай білу, құшақтап, шерін тарқатуға мүмкіндік беру қажет.

2) Алғыс. Әйел әрбір ұсақ - түйектің назарда болғанын қалайды. Әрбір сіз үшін пісірілген ас, жуылған кір, үтіктелген киім үшін алғыс естігісі келеді. Ері оның сұлулығын бағалағанын, мақтағанын, қандай жағдайда да әр қимылын бағып отырғанын қалайды.

3) Қауіпсіздік. Әйел өзін қауіпсіз сезінгісі келеді. Әйел заты өте нәзік әрі қағылез. Сыртынан мықты, бірбеткей болып тұрса да, әрбірінің жанында әзіз болмысты кішкентай бүлдіршін бар. Оған қамқорлық таныту қажет. Өйткені, қамқорлықсыз әйел нәзіктігінен айырылады. Көліктен түскенде қол беру, есік ашып өткізу, сөмкесін көтеру. Әйелді бейжай қалдырмас қылықтар. Мұндай қамқорлық үшін олар сүюге, сізбен мақтануға, сізге басын иіп өтуге бар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×