Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан – біздің Отанымыз

Қазақстан – біздің Отанымыз
Мақсаты: Отанымыз Қазақстан жайында білімдерін кеңейту. Отан, ел туралы түсініктерін молайту. Тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету; ойларын ауызша айта білуге дағдыландыру
Табыс критерийі:
1. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, тапсырмаларды орындату арқылы жаңа сабақты жан - жақты меңгерту.
2. Сөздік қорларын байыта отырып, тілдесімдерін жақсарту
3. Бірлесе отырып жұмыс жасауға үйрету
Күтілетін нәтижесі:
1. Тапсырмаларды орындай отырып, жан - жақты өз беттерінше тақырыпты меңгереді
2. тілдесім арқылы сөздік қорлары байиды
3. бірлесе отырып жұмыс жасауға үйренеді
Сабақтың әдіс - тәсілдері: миға шабуыл, сәйкестендіру, топтастыру, орамал тастау әдістері
Көрнекіліктер: асықтар, қосымша деректер, плакат, маркерлер, мақал - мәтелдер, суреттер, бүктеме

Кіріспе
Сәлемдесемін
Топқа бөлемін
Қазақстан жайында патриоттық бейнеролик көрсетемін
Әрбір адам өз елінің патриоты болу керек. отан - отбасынан басталады. Ал, біздің сыныбымыз мектептегі отбасымыз. Сол үшін біз әрдайым татулықта, достықта өмір сүруіміз керек. бостық туралы ұранымызды қайталап жіберейікші
Өткен тақырыптарға шолу жасау

Жаңа сабақ
Қазақстан - біздің Отанымыз
1. Миға шабуыл сұрақтарын қоямын
1. Біздің туған еліміз, туған жеріміз қалай аталады?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
. Біздің міндетіміз қандай?
3. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
5. Біз қай облыста, ауданда, ауылда тұрамыз?
6. Ауылымызда қандай шаруашылықтар бар?

2. Қазақстан жайында білетіндерін жаздыртып кластер істетемін

Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай екен?
Сендер Қазақстан жайында біраз дүниелерді біледі екенсіңдер. Ал енді мына мәтінмен танысайық.
3. Мәтінді оқып, аударады.
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9 - орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. жер көлемі 2 717, 3 шаршы километр.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Елімізде 130 - ға таман ұлт өкілдері тату тұрады. Сондықтан ол бәріміздің - Отанымыз
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 24 жыл толыр отыр.

Сөздікпен жұмыс
Құрлық
Ортаңғы бөлігінде
Көшіру
Жерінің аумағы
Сыйғызу

1 - тапсырма. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырайық
Кең – байтақ, тұрамын. әйгілі, тәуелсіз, Отан, ұлттар
2 - тапсырма. Берілген сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтатамын
1 - топ
1. Қазақстанның жер көлемі кішкентай
2. Осындай елде өмір сүретінімді мақтан етемін
3. Елордамыз Алматы қаласы
4. биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды
2 - топ
1.«Медеу» мұз айдыны Қарағандыда орналасқан
2. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болды
3. Қазақстанда тек қазақтар тұрады
4. Қазақстан Америка құрылығында орналасқан

3 - тапсырма. Менің Отаным тақырыбында жұптаса отырып диалог құрастыртамын

Қорытынды
Мақал - мәтелдердің жалғасын тап
Үйге тапсырма
Отан, Қазақстан туралы өлең жолдарын жаттап келу

Бағалау
Сатылай өздерін бағалатамын
Сабақтың көшбасшысын анықтатамын
Сабаққа кері байланыс аламын
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×