Сайтқа кіру Тіркелу

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі, ғаламтор желісі
Сабақтың жабдығы: Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаты: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын білу. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып, жүйелі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қиялын дамыту;
Күтілетін нәтижесі: Түбірмен қосымшаның заңдылықтарын біледі, жаттығулар орындау барысында түбір сөзден қосымшаны ажырата алады,
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдістері: миға шабуыл, жұптас ойлан бөліс, сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру сұрақ жауап.
Топқа бөлу: Оқушылар қима қағаздар арқылы екі топқа бөлінеді түбір тобы, қосымша тобы.

Сабақтың барыс.

Ынтымақтастық атмосферасы
Әрбір адам – досым, сыныптасым,
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл - күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.

Үй тапсырмасын сұрау
Сөзжұмбақ шешу
1. Зат атауы.
2. Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
4. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.
5. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

Қызығушылықты ояту «Жұбын тап» ойыны. Өзіндік жұмыс. Салыстыру.
Ерік - еркі, ауыл - аулы, орын - орны, бөрік - бөркі, халық - халқы, көрік - көркі.

Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Ереже: Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, б (немесе у) дыбыстарына өзгереді. Мысалы: күрек - күрегі, сабақ - сабағы, тап - табады, сеп - сеуіп - себеді.

1 - жаттығу Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Қандай өзгеріс болды?
Жарық - жарғы
көлік - көлігі
тарақ - тарағы
байлық - байлығы.

2 - жаттығу Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды айт.
Сұрағына, ұзындығы, жағына, аумағы, көкірегіңді

3 - жаттығу Өлеңді оқы. Қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болатын сөздерді теріп жаз.
Жалған айтып құтылса, ----------- Жүре алмайды жөнімен
Қызармайды Жұмәлі. -------------- Серігіне сенбейді
Шайы қалса төгіліп ----------------- Сондықтан да онымен
Шыны, қасық кінәлі ---------------- Ойнағымыз келмейді

4 - жаттығу Сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жаз.
Лақ - лағы
сеп - себу
қап - қауып
Өсімдік - өсімдігі
кеп - кебу
тап - тауып
Арғымақ - арғымағы
теп - тебу
жап - жабу

Сергіту сәті «көз жаттығулары» Жаттығу жасайды.

Ой толғаныс Сәйкестендіру тесті.
1. Түбір сөз ---------------------------------- 1. оқу, оқушы, оқулық
2. Туынды сөз ------------------------------- 2. қалалар
3. Түбірлес сөздер ------------------------ 3. жауып
4. Жуан айтылатын сөздер ------------- 4. мерекеңізбен
5. Жіңішке айтылатын сөздер --------- 5. бала
6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер --- 6. жазушы
Үй тапсырмасы 5 - жаттығу Күнделіктеріне жазады

Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату Оқушылар толтырады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×