Сайтқа кіру Тіркелу

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Ш. Уалиханов негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Мустафина Айнур Еркиновна

Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Мақсаты: Адам бойындағы жағымды - жағымсыз қылықтарды ажыратып, оған өз көзқарасын, ойын айтуға үйрету. Теңеу туралы түсінік қалыптастыру.
Жетістік критерийі • Адам бойындағы жағымды - жағымсыз қылықтарды ажыратады.
• Өз көзқарастарын, ой - пікірін айтады.
• Теңеу туралы біледі.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу, 4 сынып. Әдебиеттік оқу әдістемесі, 2015 жыл.
Күтілетін нәтиже:  Аңызды оқи отырып, өз көзқарасын, ойын жеткізуді;
 Проблемалық сұрақтарды шеше білуді;
 Сөздікпен жұмыс жасай алуды;
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: А3 форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
• «Сен – маған, мен - саған» әдісі
• «Әткеншек» әдісі
• ДЖИГСО әдісі
• «Ыстық орындық»
• БАП әдісі
• «Соңғы 1 минут»
Модульдердің ықпалдасуы:
Қалай оқу керектігін үйрену, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, Жас ерекшелік,
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, Диалогтік оқыту.

Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді.
Ұйымдастыру. 2 минут
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Шаттық шеңберін құру. «Ыстық алақан» арқылы бір - біріне сәттілік тілеу.
Қызығушылығын ояту 3 минут
Топтарға бөлу:
Қима қағаздар арқылы топқа бөлу.
Білу.
«Сен – маған, мен - саған» әдісі 3 минут
1 - топқа: Аңыз дегеніміз не? Оның басқа шығармалардан қандай ерекшелігі бар?
2 - топқа: Аңызда кімдер жайында айтылады? Басты кейіпкерлері кімдер?
3 - топқа: Аңыздың басқа шығармалардан (мысалдан, ертегіден) қандай айырмашылығы бар?

Түсіну.
«Әткеншек» әдісі 3 минут
Аңыз туралы және «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» аңызындағы кейіпкерлерді жаздыру.

Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
ДЖИГСО әдісі 7 минут
Мәтінді бөлікке бөліп оқып, бір - біріне айту

Талдау.
«Ыстық орындық» 12 минут
Сұрақ - жауап:
• Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда, көз алдыңа қандай адам елестеді?
• Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулыққа барды?
• Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады?
• Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?
Жинақтау.
БАП әдісі(басқа адамдардың пікірі) 7 минут

1 - топқа: Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін табу.
- Жыланның жуандығы қандай?
- Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?
- Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?
- Сақалының жұлынғанын неге теңейді?
2 - топқа: Шығайбай отбасының әрекетінен нені байқадың, өзіңе қандай ой түйдің?
Алдардың Шығайбайды неше рет және қалай алдағанын табу.

3 - топқа: Алдаркөсе Шығайбайды бірнеше алдаған кезде алдына қандай мақсат қойды? Мақсатына жетті ме?
«Егер мен Шығайбай болсам, не істер едім?» деп өзін кейіпкердің орнына қойып, эссе жаздыру.
Бағалау. «Соңғы 1 минут» З минут
Алдаркөсе мен Шығайбай әрекетіне баға беріп, «Егер мен оның орнында болсам...» деген ойды әрбір оқушы өз ойымен толықтырады.
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі. 2 минут
Жазбаша кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?
Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

Үйге тапсырма: Алдаркөсе туралы мәлімет жинақтау.
Бағалау. 2 минут
Қалыптастырушы бағалаулар:
 «Бағдаршам» арқылы
 Табыс критерийі арқылы
 Өзін - өзі бағалау.
Жиынтық бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай

Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай

Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне...
Қайталама қос сөздер

Қайталама қос сөздер

Қайталама қос сөздерді үйрену; жасалу жолдарын түсіну; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажыратып, сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді...
Көбейту және бөлу

Көбейту және бөлу

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын...
Алдаркөсе мен шықбермес Шығайбай

Алдаркөсе мен шықбермес Шығайбай

Мен ,Сарсебаева Ғалия Абдраианқызы №20Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте жұмыс істегеніме 24 жыл болды....
Алдар Көсе-көңілді кейіпкер

Алдар Көсе-көңілді кейіпкер

Астана қаласы, № 27 мектеп – лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Бекжанова Салтанат Турсумбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×