Сайтқа кіру Тіркелу

Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі

Биология 6 сынып
Тақырыбы: Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі.
Мақсаты: Жапырақ түрлері және оның жүйкеленуімен құрылысымен танысу.
Міндеті: 1. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жапырақтың түрлерімен таныстыру және ұғындыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы терең ойлауын, қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өздігімен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін дамыта отырып, дағдысын қалыптастыру.
3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.
Күтілетін нәтиже: А. Оқушылар жапырақтардың адам өмірінде маңызды екенін білуі.
Ә. Тапсырмалар арқылы бала қиялы, шапшаң ойлау қабілеті дамиды.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабаққа кіріктірілген модуль: 1. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Озат оқыту технологиясы.
4. АКТ - ны пайдалану.
5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
6. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Әдіс - тәсілдер: Сыни ойлау стратегиясы, топтық жұмыс,
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, стикер, смайликтер. Кеппешөптер т. б

Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: 3минут
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылар назарын сабаққа аударту,
психологиялық ахуал туғызу.

«1; 2; 3;» сандары арқылы 3 топқа бөлемін
Үй тапсырмасын тексеру: 13 минут
«Миға шабуыл» әдісі Үй жұмысы:
І топ
1. Бүршік түрлерін ата?
2. Гүлді өсімдіктерде қандай бүршіктер болады?
3. Тамыр жүйесін ата?
4. Жасуша дегеніміз не?
5. Өсімдіктің вегетативті мүшелерін ата?
ІІ топ
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршікті ата?
2. Микроскоптың құрылысы қандай?
3. Жасушаны кім және қай жылы ашты?
4. Тамыр бөлімдерін ата?
5. Өркен дегеніміз не?

ІІІ топ
1. Жапырақ бүршігінің құрлысы қандай?
2. Өсімдіктің генеративті мүшелерін ата?
3. Ұлпа дегеніміз не?
4. Тамырдың қызметі қандай?
5. Төбе бүршік өсімдіктің қай бөліктерінде болады, және қызметі қандай?

Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Әр топқа жаңа тақырып бойынша мазмұнмен жұмыс тапсырмасы беріледі. Постер

І - топ
• Жапырақ, жапырақтың сабақта орналасуы, қарама - қарсы орналасу, жапырақтың сыртқы және ішкі құрлысы. 55 - 56 бет
ІІ - топ
• Жапырық тақтасының негізі, жанаспалы жасушалары.
• 57бет
ІІІ - топ
• Жапырақ тақтасының пішіні, жапырақтың жүйкеленуі.
• 57 - 58 - 59 бет
Тақырып бойынша қорытындылаймын.

Пән мұғалімі: Калманбетова Жадыра Иманжановна

Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×