Сайтқа кіру Тіркелу

С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)

С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік – С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу;
Тәрбиелік – жазушының шығармашылығын игерте отырып оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге баулу;
Дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу.
Күтілетін нәтиже:
- тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады;
- оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренеді;
- мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;
- бір - біріне сұрақ қойып, жауабын табуға дағдыланады;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалады
- сыни ойлауын қалыптасады
Сабақтың түрі дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, тест тапсырмалары, топтық таныстырылым, ойын элементтері, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интернет материалдары, бағалау парақтары, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих

І. Ұйымдастыру.
а) психологиялық тренинг, топқа бөлу
ә) кезекшімен сұхбаттасу

ІІ. Үй тапсырмасына қосымша ақпарат (видеоролик)
Сұрақтар:
1. С. Мұқанов қай жерде дүниеге келген?
2. Сәбит қандай қызметтер атқарды?
3. «Дәуір жыршысы» атанған қаламгер туындыларында заманның қандай мәселелері көтерілді? Қаламгердің туындыларын атаңдар

ІІІ. Жаңа сабақ. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасына әдеби талдау
Композициялық талдау.
І топ – «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы мен идеясы
ІІ топ – Поэма кейіпкерлеріне талдау жасау, мінездеме беру
Көркемдік ерекшеліктеріне талдау.
І топ – Теңеу
ІІ топ – Метафора
«Тапқыр топ». Әр топқа сұрақтар қойылады

І топқа
«Сұлушаш» поэмасы нешінші жылдар аралығында жазылды? (1926 - 1928)
2. Төртөбел деген не? (жылқы - лошадь - horse)
3. Поэманың үзіндісіндегі жасырған сөзді тап. Алтай қозы бақты, қой бақты, тағы не істеді? (отын жақты - дрова - wood)
4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл, күң - раб, рабыня - slave)
5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін?(бір жылқы - одна лошадь - one horse)
6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні - младший брат - younger brother)

ІІ топқа
1. Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың - тысяча - thousand)
2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар – девяносто нар – ninety camel)
3. Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он - десять - ten)
4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр - келбеті қандай еді? (ұсқынсыз - некрасивый - ugly)
5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап. Алтайдың айтуынша, «Не киіп аяққа, аң аулайтын қолымызда жоқ садақ, яки, мылтық»? (шаңғы - лыжи - skies)
6. Қалың малға қоса күйеу жігіт босаға айыбы деп не берді? (100 - жылқы - 100 лошадей - hundred horse

ІІІ топқа
1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып Сұлушашты көреді? (екі - үш жыл - два - три года - one - two - year)
2. Сұлушаштың асқан сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңеп суреттейді? (аққу - лебедь - swan)
3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт - жених - boy friend)
4. Алтай жастайынан не бағып өсті? (қой, қозы – овец, ягненок – sheep, lamb)
5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырғанда қандай құстың қайтып бара жатқанын көріп оған тіл қатады? (қаз - гусь - goose)
6. Алтай мен Қайсар Сұлушашқа таудан бүркітті ұстап оралғанша тұзақпен нені ұстап, сонымен ас дайындап қой дейді? (қоян - заяц - hare)

«Сұлушаш» сөзіне ассосация. Топтық таныстырылым
«Сұлушаш» поэмасымен сарындас шығармаларды атаңдар
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Қамар сұлу»
І топ – Алтай образын эпостық, лиро - эпостық жырлардағы басты кейіпкерлер Қозы, Төлеген, Қобыланды, Тарғын бейнелеріне балау
ІІ топ – Сұлушаш бейнесін Баян, Жібек, Құртқа, Ақжүніс бейнелеріне балау
Қазақ қыздары туралы бейнеролик көрсетіледі.

Ойтолғау. «Менің елесімдегі Сұлушаш»
Бағалау қорытындысын шығару.
Үйге тапсырма. «Сұлушаш» поэмасына сценарий құрып келу
Рефлексия. «Сиқырлы қалпақ»

БҚО, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы
Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ихсанова Шынар Қадырбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қозы-көрпеш Баян-сұлу

Қозы-көрпеш Баян-сұлу

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен, оның ерекшелігімен, батырлар жырынан айырмашылығы,...
И. Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы

И. Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы

Сабақтың мақсаты: а) поэманың мазмұнын талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу; ә) жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен...
Қалқаман - Мамыр поэмасы

Қалқаман - Мамыр поэмасы

Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау....
Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов "Жылқы"

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Какен Аханов атындағы орта мектеп» КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Жубаниязова Малике Мажитовна...
Жылқы. Сәбит Мұқанов

Жылқы. Сәбит Мұқанов

Омарова Гүлнар Жакановна КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×