Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, видео, слайд
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Көңіл – күйлерің қалай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
1. А Л М А Т Ы
2. С Т О Л И Ц А
3. Т А Р А З
4. А Қ Т А У
5. Н Ұ Р С Ұ Л Т А Н
6. А С Т А Н А
1. Екінші астанамыз?
2. Астананың орысшасы
3. Қазақстанның оңтүстік - шығысында орналасқан қаласы?
4. Қазақстанның батысында орналасқан қаласы?
5. Президентіміздің есімі?
6. Ел ордамыз?
Ал, балалар, айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана – арман қала туралы. Осы тақырып бойынша не біліп, үйренгілерің келеді.?
- Енді, балалар, жаңа өздерің Астана туралы айтып өткендеріңді тамашалайық. (видео көру).
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Астанамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
Саяхат картасы
1. Сапаржай
2. Бәйтерек
3. Пирамида
4. Ақ Орда
1 - ялдама. Сапаржай. Сөздік алқабы.
ғимарат - здание
аялдама - остановка
көрікті - красивий
мәдени - культурный
орталық - центр
ойын - сауық орталығы - развлекательный центр
2 - аялдама.«Бәйтерек» Мәтінді аударып, мәтін бойынан жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар.
Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.
3 - аялдама «Пирамида»
Сөздерді сәйкестендір, сөз тіркестерін айт
новая столица----ғимараттар
расположен----қонақтар
промышленность----орналасқан
здания----жаңа астана
гости----кәсіпорын
4 - аялдама «Ақ Орда»
Дұрыс сөйлем құра:
1. Астана, қала, жас.
2. Астана, облысында, орналасқан, Ақмола.
3. Астанада, орындары, көп, өндіріс.
4. Астанаға, қонақтар, келеді, көп.
Сабақты қорытындылау.
Қазақстанның бас қаласы қай қала?
Астана қаласында нелер бар?
Үй тапсырмасы: Астананың әдемі жерлерін жазып келу (мәлімет)
Бағалау
Астана 8-сынып (орыс мектебі)
- madinakairula
- 2 наурыз 2017
- 3073
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 8 сынып, Астана, орыс мектебіне арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Елордасы - Астана
Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;...Нәтиже сабақ (Астаналар тарауы бойынша)
БҚО, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Астана – бас қала
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.