Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың мақсаты:
а) А. Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, өлеңдерін талдап, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, баяндау, топтастыру, «Алтын қорапша» әдісі, «Бес жолды өлең» әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, бейнебаян, үлестірмелі парақшалар, жапсырма қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, жылы лебізімді жеткізу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Нөмірленген парақшалар бойынша 4 топқа бөлемін.
1 топ. Ғылым
2 - топ. Қайрат
3 - топ. Ақыл
4 - топ. Жүрек
Топ басшысы сайланады.
Топ мүшелеріне өзін - өзі бағалау парақшасы таратылады.
Оқушылар бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін жазып, қорапшаға салады.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік айту, қосымша ізденіп келу. Оқушылар бір - біріне сұрақ қояды, түсінік айтады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайдың дүниеге келуі туралы шағын бейнебаянға назар аудару.
Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндіремін.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Құнанбай болыс, аға сұлтан.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен – ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды.
Абай Лермонтовтан 27 шығарма аударды. Абай Крыловтан мысал өлеңдер аударды. Абайдың «Бойы бұлғаң», «Өлсем орным қара жер», «Құлақтан кіріп бойды алар». Абай – өзі ән шығарған ақын. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» т. б. с. с. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына ән болып тараған. Абай поэмалары: «Масғұт»,
«Ескендір», «Әзім әңгімесі». Абайдың 45 қара сөзі бар.
«Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек...» Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт - Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.
«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі
- қарасөздегі ақынның адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары;
- ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.
- толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі;
- адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі;
ІV. «Алтын қорапша» әдісі
Оқушылар алтын қорапшадағы тың мәліметтерді оқып, ой бөліседі.
Оқушылардан Абайдың шығармашылығынан білетін өлеңдерін жатқа айту сұралады.
Өлеңді түсіндіру үшін алдымен оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық -
Бұл - қайраттан шығады, білсең керек
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден бөлек
Жеке - жеке біреуі жарытпайды
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ
Тулап, қайнап бір жүрек қылар әлек
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Алдын - ала дайындалған сызбалар арқылы жұмыс жасауға бағдар беріледі.
V. Деңгейлік тапсырмалар
«Ғылым» тобы
Абай тілінің сөздігі:
Әуелде, тоқтаулы (тоқтаулылық), толық жарытып, ұста жарымес әлек сөздерінің мағынасын жазады.
«Ақыл» тобы. «Жазғым келгені...» «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңінен алған әсері мен сезімдерін еркін білдіру мақсатында ойтолғау, эссе, шығарма, өлең, әңгіме т. б. жазады.
«Қайрат» тобы: «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі қай қара сөзіне сәйкес келеді? Неліктен? Мағынасын ашу.
«Жүрек» тобы: Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.
VI. «Әнді сүйсең менше сүй»
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
VI. Жинақтау
«Ғылым» тобы: «Бес жолды өлең» әдісі
1. Абай
2. Дана, алғыр
3. Айтады, жазады, тұжырымдайды
4. Абайы бар халық бақытты.
5. Ақын
«Қайрат» тобы:
1. ыстық
2. талаптылық
3. шыдамдылық
4. тоқтаулылық
5. байыпты
6. сабырлы
«Ақыл» тобы:
Ақылдың белгілері:
1. зерек
2. алғыр
3. зейінді
4. ұғымтал
5. суық мұз
«Жүрек» тобы:
Жүректің белгілері
1. жылы
2. ыстық
3. тулаған
4. қайнаған
5. әлекшіл
VII. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.
1. Авторы: Абай Құнанбаев
2. Өлеңнің тақырыбы: Толық адам болу үшін адамға қажет қасиеттер
3. Жанр түрі: поэзия
4. Өлеңнің идеясы: Ақыл, жүрек, қайратты бірдей, бірлікте ұстап, білім, ғылымды меңгеруге үндеу.
5. Әр тармақтағы буын саны
6. Әр тармақтағы бунақ саны
7. Әр шумақтағы тармақ саны
8. Өлеңдегі шумақ саны
9. Ұйқас түрі
Өлеңге анықтама:
VIIІ. Бекіту сұрақтары
1. Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыздың Абайды қалай атады? (Телғара)
2. Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде қай жылдары білім алды? (1857 - 1859 ж.)
3.«Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңін қай жылы жазды? (1889 жылы)
4. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
5. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
6. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
IX. Қорыту.
Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты – қазақ халқының өн бойынан табылатын рухы биік сипат. Олай дейтін себебіміз – ақынның қай өлеңін алсақ та, халық салтының, дәстүрінің, тілінің, ділінің, тектілігінің, жалпы алғанда, ұлттық болмысының кәусарынан бастау алады. Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бірге жасайды.
Х. Рефлексия: Жапсырма қағаздары таратылады. Сабақты толық меңгерген болса жасыл түсті қағазды, түсінбеген болса қызыл түсті қағазды көтереді. Топ басшысы келесі топ ішінен сабаққа белсене қатысқан оқушыны жариялайды. Топ мүшелері мадақталады.
XІ. Бағалау: Оқушылар сабаққа өзін - өзі бағалау парағына белгілеген қорытынды ұпайлары бойынша бағаланады.
ХІІ. Үйге тапсырма: «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңін жаттау.
«Абай әлемі - терең, аспалы биік»тақырыбына ойтолғау жазу.
Атырау облысы, Исатай ауданы
Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрмұханова Айбарша Батырқызы
Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі
- rauan
- 28 ақпан 2017
- 9747
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ әдебиеті, Абай Құнанбайұлы, әуелде бір суық мұз - ақыл зерек өлеңі, ашық сабақ әдебиеттен
Ұқсас жаңалықтар:
Абайдың «Толық адам» философиясы
Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың «Толық адам» философиясын «Ғылым таппай мақтанба», «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңдеріне талдау жүргізе...Абайдың он жетінші қара сөзі
Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазған 45 қара сөзі...Абай Құнанбаев "Ұлы суреткер"
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хасенова Тұрсынгүл Еркінқызы...Күз. Абай Құнанбаев
Қызылорда қаласы. № 253 орта мектеп Даулетбаева Роза Кенішқызы...Бала Абай
Есиркепова Риммa Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.