Сайтқа кіру Тіркелу

Рабғузи қиссалары

Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары
Қысқа мерзімді жоспар
Сілтеме Қазақ әдебиеті. 8 - сынып
Мақсаты:
Білімділік: Рабғузи қиссаларының мазмұны және негізгі тақырыбы мен идеясы туралы ұғым қалыптастыру, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен еркін сөйлеу қабілеті артады. Шығармашылығын тудырады
Тәрбиелік: Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді. Сыни тұрғыда ойлай отырып әділ баға береді. Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыланады.
Күтілетін нәтижелер
1. Рабғузи және оның қиссалары туралы өз ойларын жеткізе алады.
2. Рабғузи әңгімелерінің мазмұнын түсініп, түсінгенін жеткізе алады.
3. Рабғузи әңгімелерінің қазіргі ертегілерде кездесетінін дәлелдей алады.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Қолданылатын әдістер
«Жигсо» әдісі, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау
Керекті жабдықтар
Оқулық, кеспе қағаздар, ватман, стикер, маркер т. б.

Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе 1 мин
1. Ұйымдастыру 3 мин
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3. Топқа бөлу: Өтілген тақырыпқа байланысты кеспе парақшалар арқылы бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен сабақтардағы білімдерін тексеру үшін, графикалық диктант жүргізіледі.
Сәлемдесу.
Оқушылар топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар сызба арқылы өзін - өзі бағалайды.
Критерийлер:
«3 қате сұрақты тапса»- 3 ұпай;
«2 қате сұрақты тапса»- 2 ұпай;
«1 қате сұрақты тапса»- 1 ұпай;

Ой қозғау 2 мин
Тақтада ілінген кеспе қағаздарда сан жазылған. Оқушылардың алдына қазақ әліпбиі беріледі. Оқушылар әліпбидегі сан реті арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Оқушылар әліпбидегі сан реті арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Негізгі бөлім 5 мин
Мәтін 6 топқа бөліп беріледі.
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
1. Оқулықпен жұмыс
Мазмұнын түсіну, өз ойларын ортада талқылау 1. Оқулықпен жұмыс, 73 - 76 бет.

Түсіну 7 мин
Топтарды номерлері бойынша топтастыру (әр топтағы №1 – ді бір топқа)
Оқушылар мәтін сәйкестігіне қарай топ болып тапсырманы орындайды, постер дайындап, бір оқушы басқа топқа мәтін мазмұнын түсіндіреді
Қолдану 10 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
І топқа. 1 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір.
Сұрақ:
1. Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясындағы адам қандай болу керек?
2. Неден сақтану қажет?
ІІ топқа. 2 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта.
Сұрақ:
1. Неге Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді?
2. Тілдің қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал - мәтелдер, даналардан шыққан сөздерді білесіңдер?
ІІІ топқа. 3 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта.
1. Даналық дегенді қалай түсінесің?
2. Барлық адамда бола ма?
ІY топқа.
1.«Лұқман Хакім» хикаяттарындағы талданған әрбір шағын әңгіменің беретін тәрбиелік мәні.
2. «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген сөздің мағынасын ашу.
Y топқа
1.«Кісілік», «Парасат» сөздерінің мағынасын мысал келтіре отырып дәлелдеу.
2. Осындай қасиеттер сенің бойыңда кездесе ме?
YI топқа:
1. Рабғузидің «Лұқман Хакім» қиссасында құс бейнесі не үшін алынып отыр?
2. Қазіргі өмірде Лұқман және Хакім деген адам есімдері кездесе ме?
Оқушылар тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті 2 мин
«Қос қарлығаш» әніне билеу арқылы сергіту.
«Қос қарлығаш» әніне билей отырып көңіл күйі көтеріледі.
Бекіту 5 мин
Сын тұрғысынан сұрақтар. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар қойылады.
1. Қиссалардың авторы М. Қашқари. (жоқ) Насреддин Рабғузи
2. Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесті. (ия)
3. Ол тесікті қарлығаш бітеді. (жоқ) жылан
4. Жылан құрбақаның етін жейтін болды. (ия)
5. Адам бес жануарды өлтірмеу керек. (жоқ) алты
6. Лұқман араб сөзі. (ия)
7. Ақылды деген мағынаны білдіреді. (жоқ) данышпан
8. Қарыз алған кісі Лұқман хакімге бірінші қарызын екі есе етіп қайтарды. (жоқ)
9.«Диуани лұғат - ат - түрік» атты еңбектің авторы М. Қашқари. (ия)
10.«Құтты білік» дастанының авторы М. Қашқари. (жоқ) Ж. Баласағұн
Оқушылар бағалау парақшалары арқылы өздерін бағалайды.
«8 - 10» дұрыс жауап - 3 ұ
«4 - 7» дұрыс жауап - 2 ұ
«1 - 3» дұрыс жауап - 1 ұ

Қорытынды
Рефлексия
3 мин
Кері байланыс парағы
«Мен үшін бүгінгі сабақ...»
Бетшеге өз пікірін жазады.
Үйге тапсырма 1мин
1. Рабғузи қиссалары
2. «Адамгершілік - асыл қасиет» ойтолғау
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау 2 мин
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Атырау облысы, Исатай ауданы
Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрмұханова Айбарша Батырқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×