Мақсаты:
1. Білімділігі: Қызыл кітаптың мәнін, мақсатын суреттер, бейне жазбалар және қосымша ақпараттар арқылы теориялық және іс жүзінде ұғындыру.
2. Оқушының ойлау қабілеттерін шыңдау. Әр түрлі тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлау аясын кеңейту және сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өздеріне жауапты қарау, топтарының ой пікірлерін сыйлауға, тыңдауға үйрету. Топ алдында сөйлеп үйренуге тәрбиелеу. Оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Пәнаралық байланыс: география, жаратылыстану
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, танымдық ойлау, талдау, топтау,
СТО, рефлексия. «Миға шабуыл» ЖИГСО, баяндап беру, бағалау.
Ресурстар: суреттер, кітаптар, оқулық, проектор, интерактивті тақта, маркер, қима қағаздар, видео жазбалар. Қр георафиялық картасы
1. Ұйымдастыру кезеңі –
Психолгиялық дайындық.
Шеңбер жасап сәттілік тілеу
2. Үй жұмысын тексеру:
1. Қазақстанда канша қорық бар?
2. Қорғалжың қорығы қайда орналасқан?
3. Барсакелмес қорығы қай жерде орналасқан?
4. Шығыс Қазақстанда орналасқан қорықтарды ата
5. Қызыл фламинго қайда мекендейді?
6. Хариус балығы қай қорықта мекендейді?
7. Алакөлде қандай құс мекендейді?
8. Дәрілік шөпке бай қорық
3. Ой шақыру
Тақтадан құстар, балықтар, аңдардың суреті көрсетіледі.
Оқушылар суреттерді көрген соң бірауыздан бүгінгі сабақтың тақырыбын табады.
3. Қызығушылықты ояту
Қызыл кітап
↓
1978ж
Қорықтар
Реликті шағала
Дуниежүзілік
«Қызыл кітап»
Зығыр балығы
3 басылым
Дәрілік өсімдіктер
Әр топтан Спикер қорғайды
I. Аня Хасанова
II. Капарова Диляра
I. Сөздікпен жұмыс.
II. Бүкіл әлем – весь мир
Табиғат - природа
Бірегей - уникльный
Орны қайта толмайды – невосполнимый
Әкеп соғады - приводит
Маңызды – важный
Шегіне жетті – достигло предела
1. сөздік дәптерге жазу.
III.
Оқушылар тізбекпен оқиды.
2. Оқулықпен жұмыс
Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру
Табиғатты қорғау, Қызыл кітап, бөкендер, өсімдіктер, жануарлар
3. Мәтінмен жұмыс
Алакөл, Батыс Алтай, Марқакөл туралы мәтін тарату. Мақсаты мәтінді келесі топқа түсіндіру.
Марқакөл қорығы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған. Ауданы 102979 га. Оңтүстік Алтайда Оңтүстік Сібір тоғайының Орталық Азия және Қазақстан даласының шекарасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген мынадай өсімдіктер бар: алтын және марал тамырлары, бұтақ тәрізді тиынтас, қалыңжапырақты шағыргүл. Ал жануарлардан: қарлы барс, қызыл қасқыр, сусар, ұлар, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық субүркіт. Әлемде басқа жерде жоқ зығыр (Ускуч) балығы мекендейді.
Батыс Алтай қорығы
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 1992 жылы 3 шілдеде ұйымдастырылған. Ауданы 86122 га. Қорық Риддер және Зырян әкімшілік ауданының жерлерінде, Ивановск, Линейск, Холзун мен Коксинск жоталарының учаскесінде орналасқан. Ақ пен Қара Үбі, Тұрғысын өзендері мен Борсық тармағы осы аумақта бастауларын алады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктері: Сібір жауқазыны, мақсары түрлі рапонтикум, ұсақ торкөзді жуа, ірі гүлді шолпанкебес, кәдімгі шолпанкебес, дулыға тәрізді сүйсін, Алтай рауғашы, Алтай гипномпериумы, алтын тамыр. Жануарлары: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара дегелек, таймен, Иконниковтың жарқанаты.
Алакөл қорығы
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылы 21 сәуірде ұйымдастырылған. Ауданы 20000 га. Алматы (17710 га) және Шығыс Қазақстан облысының (2290 га) аумағында орналасқан. 2 учаскеден: бастауын Жоңғар Алатауынан алатын Тентек өзенінің атыраулары және Алакөл көлінің – Үлкен, Орташа, Тасты аралдарынан тұрады. Алакөл қазаншұңқыры, Жоңғар Алатауы және Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде Тарбағатайдың таулы жүйелері арасында 10000км жуық көлеміндегі тау арасындағы көл ойпатын алып жатыр. Өте сирек кездесетін өсімдіктері: шымды жуа, ақ тұңғиық. Қызыл кітапқа енген сирек жоғалып бара жатқан құстардан Алакөл қазаншұңқырында 38 түрі тіркелген, соның ішінде қарамойнақ \реликті \ шағала осында кезедеседі.
4. Венн диграммасы
Алакөл ерекшеліктері
Ортақ
Марқакөл ерекшеліктері
5. Алғашқы қазақтан шыққан орнитолог Ернар Әуезов туралы слайд көрсету
Оқушыларға сурет туралы ойларын сұрау. М. Әуезовтің баласы екендігін табу керек.
Сабақты бекіту.
6. Тест
1. Қазақстанның Қызыл кітабының басылған жылы
А) 1998ж ә) 1978 ж б) 1968
2. Қызыл кітаптың екінші басылымы қай жылы шықты
А) 1996ж ә) 1978 ж б) 1991
3. Қызыл кітапқа енген аң
а) марал, бөкен ә) аю, түйе, қасқыр б) ит, түлкі, барыс
4. Қазақтан шыққан алғашқы орнитолог
А) Мұхтар Әуезов ә) Мұрат Әуезов б) Ернар Әуезов
5. Марқакөлдің патша - балығы
а) марал, бекіре ә) зығыр(Ускуч), б) майшабақ, сазан, сом
6. Реликті шағаланың анықталған жылы
А) 1968ж ә) 1978 ж б) 1967 ж
7. Марқакөл қорығы құрылған жыл
А) 1978 ж ә) 1976 ж б) 1974 ж
8. Дәрілік шөптерге бай қорық
А) Алакөл ә) Марқакөл б) Батыс Алтай
9. 2. Қызыл кітаптың үшінші басылымы қай жылы шықты
А) 1996ж ә) 1995 ж б) 1991
10. Алакөл қорығы құрылған жыл
А) 1997 ж ә) 1998 ж б) 1987 ж
Н. Островский атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиетінің пәнінің мұғалімі Жұманбаева Ж. С.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Слайдын жүктеу