Сайтқа кіру Тіркелу

Ашық сабақ "Менің отбасым" 4 сынып

Ашық сабақ "Менің отбасым" 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту.
Сабақтың міндеттері:
• Тәуелдік жалғауды бекіту.
• Әр оқушы өз отбасына байланысты сөйлей білуге үйрету.
• Отбасы мүшелерімен туыстықты тани отырып, өзара сыйластыққа, қамқор болуға бейімдеу, әдептілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, слайд, видеоролик, карточка
Сабақтың түрі: тіл дамыту
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
А) амандасу
Ә) оқу - тәрбие жұмысына даярлау
- Сәлеметсіздер ме, балалар.
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Қазақ тілі сабағында не істейміз?
- Қазір қай мезгіл?
- Күз айлары нешеу?
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Бүгін нешесі?
Видеоролик қарау
- Ендеше, балалар, өзіндік маңызы бар, бүгінгі сабақтың тақырыбы:
«Менің отбасым».
Сабақтың мақсатын айтамыз.
II. Жаңа сабақта.
1) Сұрақ – жауап (балаларға сұрақ қою).
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Олар кімдер?
Олар қайда жұмыс істейді?
2) Сөздікпен жұмыс.
1 - ші мұғалім оқиды.
2 - ші оқушылар оқиды.
3 - ші қазақшасын алып тастап, орысшасын қалдырамын. Балалар қазақша аудармасын табады.
. Ұшқыш – летчик
. Мамандық – профессия
. Зейнеткер – пенсионер
. Шағын – небольшой, маленький
. Тату – дружный (- ая, - ое)
. Әуежай – аэродром
3) Мәтінмен жұмыс.
1 - ші мұғалім оқиды. 2 - ші оқушылар оқиды.
Менің отбасым.
Біздің отбасымыз үлкен. Олар атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Әкем - ұшқыш. Ол әуежайда жұмыс істейді. Шешем – мұғалім. Ол мектепте жұмыс істейді. Ағам – студент. Қарындасым кішкентай. Ол балабақшаға барады. Мен төртінші сыныпта оқимын.
Біздің отбасымыз тату.
3 - ші аударамыз.
4 - ші сұраққа жауап береді (сурет бойынша).
- Менің әкең қайда жұмыс істейді?
- Сенің шешең қайда жұмыс істейді?
- Атаң, әжең бар ма?
- Олар қайда?
- Ағаң қайда оқиды?
- Қарындасың (сіңлің) қайда барады?
Сергіту сәті.
4) Ойын
«Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркестерін меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір - бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. «Әкем - ұшқыш», «анам - мұғалім», «ағам - студент», « әжем - зейнеткер», «сіңлім - балабақшада»
5) Суреттермен жұмыс
- Мектепте мен (оқушылар ) оқимын.
- Әуежай.
- Мынау не? – Бұл – әуежай.
- Әуежайда кім жұмыс істейді?
- Әуежайда әкем ұшқыш болып жұмыс істейді.
- Үй.
- Мынау не? – Бұл – үй.
- Үйде кімдер бар?
- Үйде атам мен әжем бар. Олар – зейнеткерлер.
- Университет.
- Мынау не? – Бұл – университет.
6) Оқушыларға парақтарға жазылған тапсырмаларды таратып беремін.
Деңгейлік тапсырмалар
*летчик *маленький, небольшой
*профессия *дружный
*пенсионер *аэродром
Тәуелдік жалғау
I Менің қарындас..., ата..., іні....
II Сенің қарындас..., ата..., іні....
II Сіздің қарындас..., ата..., іні....
III Оның қарындас..., ата..., іні....
7) Сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.
Отбасы.
Менің отбасым.
Менің отбасым үлкен.
Менің отбасым тату тұрады.
Отбасымда әкем, шешем, ағам бар.
Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп шығу.
III. Бекіту
Оқушылардың сабақты қалай меңгергенін білу үшін тестік жұмыс таратылады.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қай тіл?
а) орыс тілі в) өзбек тілі с) неміс тілі д) ағылшын тілі е) қазақ тілі
2) Отбасыңда неше адам бар?
3) Әуежайда кім жұмыс істейді?
а) ағам в) әкем с) әжем д) атам е) інім
4) Қарындасың, сіңлің, інің қайда барады?
а) мектепке в) жұмысқа с) балабақшаға д) спорт кешеніне е) ғарышқа
5) Мектепте кім жұмыс істейді?
а) ағам в) әкем с) әжем д) анам е) інім
IV. Рефлексия
Мұғалімнің сөзі:
Жақсыларға жақын бол,
Отбасыңмен тату бол,
Ата - анаңның көзі бол,
Сөнбейтұғын нұры бол!- деп сабақты аяқтаймыз.
V. Үйге тапсырма: 1. деңгей – мәтінді әңгімелейді.
2. деңгей – сұхбат (диалог) құрастырады.
3. деңгей - сөздер жаттайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×