Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс

Бұл сабақ жоспары 6 - сыныпқа арналған. "Қыс" тақырыбы бойынша. Осы сабаққа арналған презентациясы да бар.
Сабақтың білімділік мақсаты: Модуль бойынша өткен әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматикалық ережелерді пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар бар екенін таныту.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен сәлемдесу.
Ә) сынып дайындығын тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ.
І) Психологиялық дайындық

Сабақтың алдында қандай көңілде болғанын көрсету.
Оқушылардың алдына бағалау парағын тарату.
Тыңдалым: Қысқа байланысты мәтінді тыңдайды. Компьютер арқылы. 3 мин
Қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі - жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Бұл мезгілді балалар ұнатады. Олар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, қардан аққала жасайды.
Осы мәтін не туралы?
Жылдың қай мезгілі көрсетілген?
Саған қыс ұнай ма?
Презентация сабаққа шығу.
ІІ Үй жұмысын тексеру. 8 мин
Проектілік тапсырмалар: 1 - топ: Қыс мезгіліне байланысты проект дайындау.
2 - топ: Қыс мезгіліне байланысты диалог құру.
3 - топ: Қыс мезгіліне байланысты жұмбақ дайындау.
1 Оқылым: 1 - тапсырма. Берілген сөйлемдерден бірінші, үшінші топ өз мәтінін, екінші топ мақал - мәтелдерді жазып оқиды. Әңгімеге ат қойыңдар. 5 мин
Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Қыс дегеніміз ол өте әдемі, көңілді мезгіл. Көктемде малдар төлдейді Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күз келсе – біз сары - қызыл жапырақтарды тамашалаймыз Қыста адамдар отын жағады. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Маса, шыбын, құрт - құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады Ал балалар болса ойын ойнайды. Олар сырғанақта коньки тебеді, аққала жасайды. Қыста терезеден қарап отырсаң сен үйлердің төбесінде жатқан қарды көресің. Адамдар күзгі шөпті жинап, қысқа дайындалып жүр.
Қыстың көзі қырау. Күз келсе – біз сары - қызыл жапырақтарды тамашалаймыз. Қыстың пейзажы қандай тамаша еді.... Жеміс - көкөністер піседі. Қыста ойнап келгеннен кейін бетін шымырлай бастайды. Қыс не деген тамаша мезгіл!
Сөздік: Дегеніміз – это нағыз – настоящая
Отын - дрова сіркіреп – моросит
сырғанақта – на катке құрт - құмырсқа - насекомые
төбесінде – на крыше дайындалып жүр – готовятся
қырау – иней шымырлай бастайды – шиплет

2 Тілдесім: Берілген сурет бойынша диалог құрыңдар. Рөлдік тапсырма. (Слайд) 5 мин

Жазылым: Етістік қандай сұраққа жауап береді? 3мин
Сөйлемде етістік қай жерде тұрады?
Етістіктің астын қалай сызамыз?
Етістіктің Дара және Күрделі түрі бар. Дара етістік бір сөзбен айтылады, күрделі етістік екі немесе одан көп сөзден құрылады. Мысалы. Дара етістік: келді отырды жазды
Күрделі етістік: ойнап отыр, қарап тұр

3 Флипчарт: аққаладан сөздерді алып екінші жағындағы сөздерге қосады. 4 мин

Жаңылтпашты тез айту. 4

4. Қорытынды: бүгін сабақта өтілген тақырыптар 4 мин
Сөйлесім: күндер түндер
ауа райы қысқы демалыс
мерекелер табиғат

Қысқы ойындар
Оқушылардың көңілін көрсету
Бағалау парағын толтыру. Оқушылар бағаларын айтады.
Сабақты осы жұмбақ - өлеңмен аяқтағым келеді.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?

ІV Үй тапсырмасы:
Қыс мезгілі туралы өлең жаттап келу.
V Қорытынды.
Сұрақ - жауап.
Оқушылардың аты жөні 1 – тапсырма 2 - тапсырма 3 - тапсырма 4 - тапсырма 5 - тапсырма Қорытынды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×