Сайтқа кіру Тіркелу

Керқұла атты Кендебай ертегісі

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні қаншалықты меңгергенін байқау. Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру. Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімдерін жетілдіре түсу.
Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру. Әдебиетке қызығушылығын ояту.
3. Кендебай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, буклет, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақ құрылымымен таныстыру.
1. Қайталау - оқу анасы
2. Кітап - досың, ақылшың.
3. Өнерлі өрге жүзер.
4. Кейіпкер келбеті.
5. Білімдіден ақыл шығар.
І. бөлім
« Қайталау - оқу анасы».
Өткен сабақтарда ертегілер, оның түрлері: «Керқұла атты Кендебай» ертегісімен таныстық. Олай болса, ортақ сұрақтар қоямын.
1. Ертегі дегеніміз не?
2. Оның құрылысы қандай?
3. Ертегілердің қандай түрлері бар?
4. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады?
ІІ. бөлім
«Кітап – досың ақылшың»
А) Жоспар бойынша түсінік айту
1. Кендебайдың дүниеге келуі
2. Мергенбай батырдың баласымен кездесуі
3. Керқұла атқа тіл бітіп сөйлеуі
4. Кендебайдың малшы болуы
5. Алтын құйрықты құлын
6. Ханның шарты
Ә) Мәтінмен жұмыс жасау
Қазанқап кедейдің іс әрекеті, кәсібі туралы айтылған жерді тауып оқу
Сиыр айдап өткізер жерін табу.
ІІІ. бөлім
«Өнерлі өрге жүзер»
Үнтаспадан ертегіні тыңдап, Кендебай мен жетім баланың кездескен сәтін көрініс етіп шығару.
Мақал - мәтелмен түйіндеу.
ІY. бөлім.
Кейіпкерлер келбеті.
А) Ертегідегі қарама - қарсы кейіпкерлерді табайық.
Кендебай Бай балалары
еңбекқор еріншек
-
-
-
Ә) топтастыру стратегиясы
Кендебай
Ү. бөлім
«Білімдіден ақыл шығар»
(Әр қатарға деңгейлік тапсырма )
1 - сұрақ
Кендебайға ұқсағың келе ме?
2 - сұрақ
Қай қасиеті көбірек ұнады?
3 - сұрақ
Сен осы ертегінің қай жеріне өзгеріс енгізер едің?
4 - сұрақ
Өзіміз оқыған ертегілердің қайсысына ұқсайды?
Ертөстік Кендебай
Жылқы малымен дос болуы

ҮІ. бөлім
Сабақты бекіту:
Бұл ертегі қандай ертегіге жатады?
Кейіпкер дегеніміз не?
ҮІІ. бөлім
Мұғалімнің қорытынды сөзі; - Ертегі – баланың жанын қоректендіретін рухани қор. Мейірім мен махабатты, сұлу сезім мен ұлы сенімді жүрекке егетін де ертегі. Ендеше, біздер, үлкендер балаларға ертегі оқудан жалықпайық.
- Ал, балалар, сендерге айтарым;
Тыңда, балам, ертегі
Ертегі сыр шертеді - дегендей, ертегіні көп оқып, есті болып өсіңдер!
Үйге тапсырма:
Ертегіні ары қарай жалғастырып жазыңдар
Сөзжұмбақ құрау
ҮІІІ. бөлім
Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ әдебиеті КТЖ. 5 сынып

Қазақ әдебиеті КТЖ. 5 сынып

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып Жылына 68 с, аптасына 2 c....
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Ертегі мазмұнымен танысу, өмірдегі қарапайым адамның зеректігі мен танымдылығы, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жан-жақты аша отырып, оқушыларды...
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін толықтыру. танымдық білім, білік дағдысын дамыту. Достыққа, еңбекті сүюге тәрбиелей...
«Алтын сақа» ертегісі

«Алтын сақа» ертегісі

Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту....

"Керқұла атты Кендебай" ертегісі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×