Сайтқа кіру Тіркелу

М.Қашқари "Қордайдағаы аққу қаздар қаңқылдайды"

Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари. «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды» өлеңі
Мақсаттары: Оқушылар тақырып жайлы түсінік алады отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйренеді, үлкенді сыйлауға, құрметтеу үйренеді
Күтілетін нәтиже: Өлеңнің ерекшеліктерін меңгереді. Топтық жұмыс арқылы бір - бірімен шешімге келіп ынтымақтасып жұмыс істеуге үйренеді.
Өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады.
Модульдері: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Бағалау: Критерий арқылы бағаланады.
Деректер: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Әдіс тәсілдер: "Шаттық шеңбер","Веер" әдісі, "Ыстық орындық", "Фишбоун" әдісі, "Кім жылдам", "Кім алғыр"

Сабақ кезеңдері Уақыт
Тапсырма Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг 2 мин "Шаттық шеңбер"
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Топ ережесін еске түсіремін.
1 - топ. Бір - бірлеп мың болар,
Тама - тама көл болар.
2 - топ. Тозған қорамсақтан тұқыл жебе шығар.
3 - топ. Атасының ұлы атасына тартып туады.
Парақшаларды алып, топқа бөлінеді. 1. мақал - мәтел ұйқасына қарай бөлінеді
2. Мағыналарына сәйкес топтасады

Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. 6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады.
Білім

Қызығушылық
тарын ояту 7мин «Веер» әдісі арқылы оқушылар параққа өткен тақырыптар бойынша сұрақ жазып бір топ келесі топқа береді Үй тапсырмасын. Келесі топ жауап жазады. Дұрыс жауапты бағалайды. 7 - минут
Ашық сұрақтар
1. Ата - ана баладан нені күтеді?
2. Олардың үмітін ақтау үшін сенің жасыңдағы балалар не істей алады?
3. Рабғузидің қандай қиссаларымен идеялас? Неге?
4. Бүгінгі тақырыпқа орай өз басыңнан қандай жағдайлар өтті? Өздерінің ойларын жеткізеді.
2 - тапсырма:
Ментальды карта құрғызады
Топқа картаны таңдатады
Ұғымдарды ассоциациялау арқылы толтыртады Қанағат, тәртіп, адалдық пен арамдық атты сөздер жазылған картаны толықтырады, ұғымдас сөздерді жазады. Картаны толтырады. Флипчарт, стикер, постер, маркер Оқушы Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді. оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.
«Жүзім - 1 балл», «Өрік - 2 балл», «Алма - 3 балл»

Түсіну 10 мин Өткен тақырып пен жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Одан кейін өткен тақырыпқа қатысты тапсырмалар беріледі, таратылады.
Ол үшін Ыстық орындық әдісін пайдалану

Слайдты ашып балаларға көрсетемін, оларға кімді көріп отырсыңдар? деген сияқты ой тастаймын.
Оқушыларға суретті көрсетіп, қалай жұппен, топпен талқылайтындықтарын түсіндіремін. Мен тек оқушыларға бағыт беремін.
А 1 форматтағы қағазды таратамын.
Топ ішінде талдатады.
«Ыстық орындық» әдісімен әр топ ішінен бір оқушыдан шығарып, түсінгендерін айтқызады. Басқа топ мүшелеріне сұрақ қойғыздырады. «Ыстық орындық» әдісімен топ ішінен бір оқушыны орындыққа отырғызып, оқығанын айтқызады. Басқа топ оқушылары сұрақ қояды.

Ортағасырлық Шығыстың аса ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашғари болды.
Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт - дәстүрлері мен іздеп ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.

Махмұд Қашқари ХІ ғасырда өмір сүрген түркі ғалымы, әйгілі "Диуани лұғат ат - түрк" атты жинағының авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы Барысхан қаласы.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Әкесі Құсайын Мұхаммед Маверанахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен.
Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени - саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған.
Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Махмұд Қашқари - түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.
Қашқари сөздігінің әдебиетіміз үшін аса бір құндылығы - орта ғасырлық түркілердің көптеген өлең - жырлары жиналған. Сөздіктегі мақал - мәтелдердің тақырыптары: Ақыл - кеңес, өнер - білім, отан, туған жер, адами қасиеттер, табиғат заңы, қонақжайлылық, қателесу, жаза басу, жазықсыз жапа шегу т. б
Махмұд Қашқари
1. Туған жері: Барысхан қаласы.
2. Өмір сүрген жылдары: 1029 - 1039 жылдар.
3. Еңбектері: "Түркі сөздерінің жинағы" кітабы.
4. Меңгерген тілі: Түркі, араб, парсы тілдері.
5. Білім алған қалалары: Қашқар, Бұхара, Нишапур, Бағдат.
Бүгінгі сабағымыз "Қордайдағы аққу қаздар қаңқылдайды" өлеңін мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.

Оқушылар өз ойын суреттер арқылы жеткізеді.
Оқушылар өздіктерінен суреттерге қарап топ ішінде талқылайды. Сұрақтар қояды.
Берілген қағазға өз ойларын жазып шығады. Топ басшысы шығып қорғайды.

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбымен мазмұнымен танысады.
Қолдану 5 мин "Фишбоун" әдісі
«Фишбоун» әдісі бойынша оқушыларға Мақал мәтелдерді оқытып мақал мәтелдер жазылған парақтар беремін оқушылар топ болып параққа берілген тапсырманың мазмұнын ашады орындайды.
Әр топтан бір оқушы оқиды. 5 минут
Әр топ өзіне берілген топ атын зерттейді.
1 топ. Бір - бірлеп мың болар,
Тама - тама көл болар.
2 - топ. Тозған қорамсақтан тұқыл жебе шығар.
3 - топ. Атасының ұлы атасына тартып туады.
Әр дұрыс жауап бір ұпай.
Мақалдың мазмұнын толық ашса өрік 2 бал
толық ашылмай жартылай ашылса алма 3 бал беріледі.
Сергіту сәті 1 мин Жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Оқушылар қазақ тіліне байланысты септік жалғауларын айтып іс - қимылдар жасайды.
Талдау 10 мин "Кім жылдам" әдісі Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Оқушылар мәнерлеп оқудан жарыс сөз жүргізеді. Оқушылар оқып шыққандарына қарай жемістермен бағаланады.
Жинақтау 10 мин «Ойлан, тап" әдісі "Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды" өлеңін сатылай кешенді талдайды.
1. Авторы: Махмуд Қашқари
2. Тақырыбы: Түркі халқы өлеңіндегі табиғат суреті.
3. Жанры: Поэзия, өлең (аударма)
4. Идеясы: Жаз мезгілінің әдемілігін таныту.
5. Тармақ: 10 тармақты
6. Бунақ.: 2 - 3 бунақты
7. Буын: 11 - 12 буынды
8. Ұйқас түрі: аралас ұйқас (а - а - б - б - в - г)
9. әдеби теориялық ұғымдар:
9. 1. Алмастыру - төске алып тау самалын, нұр шашылды, сұлулық қаймағы көщді тартты, жердің қаймағы.
10. Тәрбиелік мәні: Жас ұрпақты сұлулықтың мәнін түсінуге табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелейді. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаға жауап беріп, автордың кім екендігін табады.
Топпен жұмыс жасайды.
Әр топтың дұрыс орындауына қарай бағаланды.
Бағалау 2 мин Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын. Өзін өзі топпен бағалайды
Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді. Ал қасындағылардың бағаларын ауызша айтады.
Үйге тапсырмасы 1 мин "М. Қашқаридан қалған мұра" тақырыбында ой толғау жасау. Үй тапсырмасы тақтаға жазылады. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия 2 мин Стикерлер таратылады.
1. Бүгін мен не үйрендім?
2. Сабақтан алған әсерім?
3. Бүгінгі көңіл - күйім? Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Әйел-ана»  Ақселеу Сейдімбек

«Әйел-ана» Ақселеу Сейдімбек

Жалпы мақсаттар: Ертегінің негізгі идеясын ашу, өз ойларын еркін жеткізу. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу...
Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін...
С. Сарғасқаев Шыбық өлеңі

С. Сарғасқаев Шыбық өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Өлеңді эмоциясын қатыстырып түсініп, мәнерлеп оқу, өлең құрылысын талдау. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай...
Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері

Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері

8 - сынып бойынша "Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары" - тақырыбында өткізілген ашық сабақ қысқа мерзімді жоспары...
Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)

Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)

Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.) Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×