Сайтқа кіру Тіркелу

Сөздікпен жұмыс

Ақмола облысы, Есіл ауданы,
Свободный орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Жүсіпова Тлектес Хамитқызы

Сөздікпен жұмыс
Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Орыс мектебін бітірген оқушылардың кейін еңбекке араласқан кезінде мемлекеттік мәртебе алған тілде сөйлей алмауын болдырмау – пән мұғалімінің абыройлы міндеті. Осы бағытта істелетін күрделі жұмыстардың бір саласы – ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады.
Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді.
Тіл дамыту – ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтатын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді.
Сөздік жұмысын әр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек. Сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда кәртішкелерді немесе суреттерді қолданғанда әрдайым қазақ тіліне тән дыбыстар қатысқан сөздерге мән берген тиімдірек. Жаңа сабақ сөздік жұмысынан басталады. Тіл дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – осы сөздік жұмысы. Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағын өтуде мұғалімнің аса зер салатын өзекті мәселелерінің
бірі де осы.
Тақтаға екі тілді сөздерді жазып, оны дәптерлеріне көшіріп, жаттатқаннан балалар ол сөзді жадыларында ұстай алмайды, ұғып алса да кейінірек ұмытып қалады. Сондықтан балаларға жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса суретін көрсетіп, жанына қатарласа заттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше рет қайталатып оқытып, мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлде қайда ұтымды болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз тіркесін құрып, күнделікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны дәптерлеріне жаздырып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.
Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді кестеге жазған дұрыс болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана танысып қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимін, антонимін, омонимдерді тауып жазады.
Мысалы: ақ – қара, таң – кеш, күн – түн, биік – аласа, сұлу - әдемі, көркем, сымбатты, түс – полдень, свет, слезь.
Жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазып, хормен және жеке – жеке оқиды.
Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.
Мысалы: «Қыс» деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
We are happy

We are happy

Балалардың ұлттық дүниетанымдық ұғымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үш тілде айтып үйрету, тілді білуге...
Алты түлкі. Заттың санын білдіретін сөздер

Алты түлкі. Заттың санын білдіретін сөздер

Павлодар қаласы, №33 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Олжаева М. О...
«Тіл дамыту» курсы

«Тіл дамыту» курсы

Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...
Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыт ...

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыт ...

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Перизат...
Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №216 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Сансызбаева Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×