Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылу сценарииі
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
І жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар!
І жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
ІІ жүргізуші: Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым! Осыған орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтеді.
(Оқушылар өлеңдерді оқиды)
1. Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!
2. Өсірген ой білімді, Сүйем туған тілімді. Мақсат етем әр сөздің мәнін терең білуді.
3. Ана тілім – ұраным, Ана тілім – құралым, Ана тілім болмаса, Мықты болмас тұрағым.
4. Туған тілім – бабам тілі - өз тілім, Туған тілім – анам тілі - өз тілім. Туған тілім – далам тілі - өз тілім, Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
5. Ақыл - ойын дананың ана тілден аламын. Ана тілі ардақты ақ сүтіндей ананың.
6. Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
7. Сүйем өз тілімді, Боламын білімді. Өз тілім үйретер өнерді, ғылымды - Сүйем өз тілімді
І жүргізуші: Осымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған салтанатты ашылу рәсімі аяқталды. Құрметті достар, сендер қазақ тілі мен әдебиеті апталығына белсенді қатысасыңдар деп сенеміз!
ІІ жүргізуші: Апталықтың жоспарымен ақпарат тақтасынан оқып танысасыңдар. Баршамызға сәттілік тілейміз!
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
- axmadeeva59
- 26 қаңтар 2016
- 34447
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі апталығы, Мәңгілік ел мәртебелі тіл
Ұқсас жаңалықтар:
Тілім - менің тірегім
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...«Асыл сөз» зияткерлік байқауы
“Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосақбаева...Ана тілім – бабам тілі, өз тілім
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Тілім барда білмеймін мен қайғыны
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы...Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.