Пән мұғалімі: Машенова Гульмира Кайырбековна
Пәні: қазақ әдебиеті
Сынып: 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сайын Мұратбековтың шығармасымен таныстыру. Әңгіменің мазмұны, идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, «Жусан иісі» әңгімесін талдап, өздігінен ізденуге жетелеу.
Оқу нәтижелері: Сайын Мұратбеков туралы мағлұмат алады, қазақ халқының соғысқа қосқан үлесі туралы біледі. Аянды тұлға ретінде таниды. Сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады, әңгімені талдайды, өздігінен ізденеді.
Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО, диалогтік оқыту, топпен жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың барысы
Кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
Ұйымдастыру
3 минут Сәлемдесу, ынтымақтастық ахуал қалыптастыру, бүгінгі сабақтың бағалау критерийлерімен таныстырамын. Оқушыларды сабаққа байланысты жасырын қағазға жазылған «Ақындар», «Жазушылар», «Тарихи тұлғалар» бойынша 3 топқа бөлу. Қажетті құрал – жабдықтарды шығарып, сабаққа дайындалады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Білім
10 минут
«Ой қозғау» Оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды.
1. Әңгімеден ауыл тіршілігі, соғыс зардаптары туралы не айтасыңдар?
2. Әңгімеде Аянды қалай суреттейді.
3. Ауыл балалары кімнен, қалай сабақ алады.
4. Шығарманың «Жусан иісі» деп аталу себебін түсіндіріңдер. Аян үшін жусан иісі нені білдіреді?
5. Аянның ертегілері қалай басталатын еді?
6. Аянның прототипі кім?
Шығарманы композициялық құрылысына талдау
1. Шығарманың басталуы
2. Дамуы
3. Шиеленісуі, шарықтау шегі 4. Шешімі Оқушылар қойылған сұрақтарға жеке, топпен ізденіп, тұжырым жасап, мысал келтіріп жауап береді.
Оқушылар шығарма құрылысына композициялық талдау жасайды. Бір - бір сөйлеммен жауап береді.
Түсіну 8 минут
Сызықтық диктант
1. С. Мұратбековтің тұңғыш әңгімелер жинағы «Жабайы алма».
2. «Жусан иісі» жинағы грузин, армян, литва тілдерінде кітап болып шықты.
3. Аян әжесі екеуі ауылға қырық үшінші жылы көшіп келген.
4. Аянды шығармада кекіл шашы бар, мұнтаздай бала деп суреттеген.
5. Ертегілері - ертеде бір жетім бала болыпты,- деп басталатын.
6. Ауыл Ешкіөлмес деген кішкене таудың етегінде.
«Бестармақ»- ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілде оқушылар өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы керек. 1 - топқа баланың, 2 - топқа ауылдың, 3 - топқа жусанның суреттеріне бестармақ құрастыру беріледі.
Әр топ берілген сурет бойынша бестармақ құрастырады.
1 - топ Ауыл көркем, сұлу
көркейеді, гүлденеді, өзгереді. Ауылдың табиғаты көркейіп келеді.
Тұрғын жер
Сергіту сәті
2 минут «Қамажай» әніне билеу «Қамажай» әніне қосылып би қимылын жасайды
Қолдану 7 минут
Қандай болады?
Неге?
Дәлелдеңіз Тест тапсырмасы
1.«Жусан иісі» шығармасының оқиғасы қай кезді бейнелейді?
а) соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі
ә) бейбіт өмір тіршілігі
б) соғыстан кейінгі кезең.
2. Кекілін қара, ей, өзінің, жаман әліне қарамай,- кімнің сөзі?
а) Садық
ә) Есікбай
б) Аян
3. Бірінші сыныпқа қай жас аралығындағы балаларды қабылдады?
а) жеті - сегіз
ә) жеті - тоғыз
б) жеті - он
4. Жусан қай жерде көп өсетін еді.
а) Жусандытөбе
ә) Ешкіөлмес
б) Алатау
5. Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол,- кімнің сөзі.
а) Бапай шал
ә) Кемпір
б) Арба айдаушы жігіт
Тұлғаны танып - біл.
Оқушыларға А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Мұратбековтердің суреттері беріледі. Оқушыларға парақ беріледі. Оқушылар берілген тест тапсырмасының дұрыс нұсқасын ауызша айтып жауап береді.
Әр топ берілген суреттегі тұлғаның аты – жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, ол жазған шығармаларды естеріне түсіріп жазады, топ ішінде талдап, топтың бір мүшесі айтады.
Талдау
8 минут
Ой толғаныс
Қалай құрылған?
Талдау жасатқыз. Шығармада ерекше айтылатын жусан шөбінің қандай екенін І топ, құрамын ІІ топ, өмірде қолданылуын ІІІ топ айтады.
Постер жасау. Аянды келешекте қандай қырынан көргілерің келеді, яғни болашақтағы өмірін қалай елестетесіңдер? деген сұрақ беріледі. Оқушылар ізденіп, жауап береді.
Оқушылар берілген сұрақ бойынша топта талқылап, ойларын тиянақтап постер жасап, топтан бір спикер шығып қорғайды.
Жинақтау
3 минут
Кері байланыс
(рефлексия) «Бағдаршам» әдісімен топтар бір - біріне баға береді. Оқушыларға жасыл, қызыл, сары түсті парақшалар беріледі.
«Білім ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазу үшін стикерлер таратып беру Топтар
жасыл - өте жақсы, сары - жақсы, қызыл - орташа түстер арқылы бір - бірін бағалайды.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы берілген стикерге жазып, «білім ағашына» жапсырады.
Бағалау
2 минут Оқушылар топпен және жеке бағаланады
Мұғалімнің бағалауы
1. Замира
2. Бибигүл
3. Дания
Топ басшыларының бағалануы Оқушылар бағасын күнделікке қойдырады.
Үйге тапсырма
2 минут Әңгімені оқу, әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме жазу. Оқушылар өздері ізденіп, оқып, жазып келеді.
Сайын Мұратбеков "Жусан иісі"
- gulmira_nurlan
- 18 қаңтар 2016
- 6409
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ әдебиетінен ашық сабақ, 7-сыныпқа арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Жалпы мақсаты Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы...«Қараторғай» Ж. Аймауытов
Бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Гүлмира...Жусан иісі
Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 24 бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна...Тағдырластар
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, №1 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хасанова Інжу...О. Бөкей "Тортай мінер ақ боз ат" 7-сынып
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.