Астана қаласы,
№27 мектеп – лицейінің қазақ тілі мұғалімі
Құдайбергенова Шынар Мұқиятқызы
Тақырыбы: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»
Мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіңе үйрету.
Сабақтың түрі: Викторина
Әдіс – тәсілдер: ойын, сұрақ – жауап, көрнекілік;
Көрнекі – құралдар: кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Білім сайыстарының парызы
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
- Құрметті оқушылар. Сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр.
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі – қазіргі қазақ тілі – дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма? Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларың шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
Сайыс 4 аялдамадан тұрады:
1. аялдама «Сәлем сөздің басы»
2. аялдама «Кім жылдам?»
3. аялдама «Тапқыр болсаң – тауып көр»
4. аялдама «Сиқырлы сөз»
- ендеше бірінші аялдамамызға көшейік.
• Бірінші аялдама «Сәлем – сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады. Бұл аялдамаға 5 минут уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
• Екінші аялдама «Кім жылдам»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса, сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
МӨСЛЙЕ – Сөйлем
УҒАЛЖА – Жалғау
ЗСӨ – Сөз
ҚАБАС – Сабақ
• Үшінші аялдама «Тапқыр болсаң – тауып көр»
Бұл аялдамада әр топтың басшылар сыналады. Әр топтың топ басшыларына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
1 – ші топ:
- Мектеп қай көшеде орналасқан?
- Күз айларын ата?
- Неше рәміз бар?
- Туда не орналасқан?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Көктемде не болады?
- Қандай азық – түліктерді білесің?
- Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- Аптаның төртінші күні қалай аталады?
2 – ші топ:
- Апта күндерін ата?
- Жазда не болады?
- Әнұранның авторларын ата?
- Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
- Біздің мектеп қандай?
- Қандай мерекелер бар?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар және ата?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Қыс айларың ата?
- Елтаңбада не орналасқан?
• Төртінші аялдама «Сиқырлы сөз»
Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзді жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.
І топ – «Күз»
ІІ топ – «Жапырақ»
- Ал, балалар бүгінгі «Қазақ тілің білесің бе? Викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілің жақсы біледі екенсіңдер.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
- Шынара
- 7 қараша 2015
- 2487
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Викторина сабақ, қазақ тілі мемлекеттік тіл, тіл апталығы
Ұқсас жаңалықтар:
Астана 8-сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...Біріккен сөздер
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып...Миллионды кім ұтады?
Авторы: Ярмантович Алмагүл Жұманғалиқызы Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара....Білімдерін тиянақтау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.