Қазақ әдебиеті. 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен композициясы туралы теориялық білім беру. Білімділік – поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;
Дамытушылық – оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту; Тәрбиелік – оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, интерактивті тақта, кітаптар, аққу туралы жазылған нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, сызба – кестелер. Сабақтың түрі: Интеграцияланған сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО, талдау, сұрақ - жауап, пікір сайыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен жүздесіп амандасу, түгелдеу, сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
1. Қызығушылығын ояту. Мұқағалидың өлеңдерінен үзінді оқылады.
2. Ой шақыру. «Менің Мұқағалиым»
Сұрақтар:
1. Мұқағалидың туған жері? (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)
2. Өмір сүрген жылдары? (1931 - 1976 ж. ж)
3. Әкесі мен анасың есімі? (Сүлеймен, Нағиман)
4. Мұқағали ақынның жыр жинақтарын атаңдар. («Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т. б.)
5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді. Ақын әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мақпал апа» деген.)
6. Ақынның поэмаларын атаңдар. («Аққулар ұйықтағанда», «Ару – ана», «Райымбек», т. б.)
Мұғалім сөзі: Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші.
ІІ. Проблемаға шығу. - Ақынның поэмасына арқау болған тақырып?
Тақырып: Сұлулық, Махаббат, Зұлымдық.
Тақырыпты ашу мақсатында зерттеу жұмысын жүргізейік. Енді балалар Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының басты кейіпкерлерін атайық /Ана, Аққу, Бала/ Олай болса бүгінгі сабағымызды үш топқа бөлініп өткізейік.
«Аққу» тобына
1. Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөз.
2. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар. 3. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальды табыңдар.
«Бала» тобына
1. Ауру бала.
2. Тәуіп айтқан ем.
3. Өліп жатқан бала.
«Ана» тобына
1. Ана аққуды неге атпақ болды?
2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші.
4. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?
ІІІ. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. (жазбаша)
Сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі – сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық.
«Ана» тобына – Баланың анасы,
«Бала» тобына – Баланың әкесі,
«Аққу» тобына – Тәуіп шал, Жылқышы қарт.
Кейіпкерлер іс - әрекеті, адами қасиеттері
Баланың анасы. Нағыз ана. Балажан, баласы үшін аққуды атты, баласы үшін бәріне де даяр, қамқор жан. Ержүрек, батыл, өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.
Баланың әкесі. Адал жан, халық дәстүрін қастерлейді. Киелі аққу құсты атудан бас тартты.
Тәуіп шал. Мейірімсіз, таяз ойлы. Есінен ауысқан адам, баланың ата - анасына өтірік айтты.
Жылқышы қарт. Түсінігі мол, көргені көп. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюға тырысты.
ІV. Ой толғау. / ауызша пікір білдіру /
1. «Ана» тобына – Аққуды атуға болады.
2. «Бала» тобына - Бала ана үшін әрдайым бірінші орында.
3. «Аққу» тобына – Аққуды атуға болмайды.
V. 1 - топ: «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша поэмадан өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, неге алғанын түсіндіру.
Мәтіннен үзінді. Не себепті таңдадың?
2 - топ: Поэмаға мазмұндық жоспар құру.
Тақырыбы Басты оқиғалар
І. Тау басына біткен сұлу көл 1. Қалай біткен мына көл тау басына?
2. Жетімкөл жетімсірейді.
3. Аққулар айдынына оралмады.
ІІ. Ауру бала немесе шарасыз отбасы 1. Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.
2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.
3. Ананың шешімі.
4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.
5. Жетімкөлден сән кетті
ІІІ. Бақташы қарт. Шарасыз ана. 1. Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.
2. Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.
3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.
4. Қасиет. Қасірет.
Эпилог Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы.
3 - топ: «Мұқағали – суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғалардың композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы.
Жетімкөл туралы аңыздар.
Көл еркесі – сұлу аққулар
Оқиғаның дамуы.
Ауру бала, тәуіп айтқан ем.
Оқиғаның шиеленісуі.
Аққуды атқан ана.
Астан – кестен көл беті.
Оқиғаның шарықтау шегі.
Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі.
Кие қасіретін тартқан ана.
Оқиғаның аяқталуы.
Аққуынан айырылған Жетімкөл.
VІ. Қорытынды. /Ана туралы, бала туралы, аққу туралы 3 - 4 мақал айту./
«Ана» тобына – Ана туралы.
1. Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
4. Анасыз өмір — сөнген көмір.
5. Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы.
«Бала» тобына - Бала туралы.
1. Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ.
2. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3. Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
4. Адам болар бала қонаққа үйір.
5. Балалық шағы, патшаның тағы.
«Аққу» тобына – Аққу туралы.
1. Аққу құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас.
2. Аққуды атпа, досыңды сатпа!
3. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
4. Аққу құсқа оқ тисе қанатын суға тидірмес.
5. Аққу менен қаз егіз...
VІ. Рефлексия. Ой түйіндеу.
Шығармашылық тапсырма. Анаға хат. («Аққу» күйі ойнап тұрады.) Оқушылар анаға арнап хат жазады.
VІІ. Осы сабақтан не алдым? Тест интервью
Мұқағали шығармаларының ерекшелігі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?
Ойы өзекті.
Бейнелі рух, сезім басым.
Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады. Ана махаббатының құдіреттілігін сезіндірді.
Табиғатты қорғауды үйретті.
Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді.
- Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
- Балалар ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген екен. Сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар.
VІІI. Бағалау. ІX. Үйге тапсырма. «Ақын және аққу», «Жетімкөлдің аққулары», «Ана - мерген», «Бала - аққу - ана» тақырыптарға еркін шығарма жазу, сурет салу. Әдеби – теориялық ұғымдарға талдау, тілдік теңеулерді табу.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
- serik82
- 29 наурыз 2015
- 32381
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Ұқсас жаңалықтар:
М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"
БҚО, Орал қаласы, №33 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насиева Ұлдай Байжумаевна...Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы «Ай мен Айша» романы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Естаубаева Нурия Айдаровна...Мұқағалиға арналған әдеби кеш
Ақтөбе қаласы №18 орта мектептің Аға тәлімгері: Такетова К. Д...Аққу-киелі құс
БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ. Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы Сабақтың тақырыбы : «Аққу-киелі құс» Мақсаты: 1)Білімділік. Оқушыларға киелі құс-аққу,..."Қасірет пен қасиет"
Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.