Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Астана - болашағы үлкен қала»
Сабақтың мақсаты: «Астана - болашағы үлкен қала» туралы оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Білімділік: «Астана - болашағы үлкен қала» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, мәтінді түсінуге, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі Қазақстан картасы, слайд, суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық түрде бірлесіп білім алу
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, топтастыру, кластер, жеке жұмыс, бес жолды өлең, ой қозғау, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
б) Кезекші сөзі
в) Сәлемдесу, бір – біріне сәттілік тілеу
1. Үй тапсырмасын тексеру. 3 - тапсырма. 18 бет
Көздеріңді жұмыңдар, ұшамыз (балалар көздеріңді жұмады).
- Құрметті жолаушылар, Астана қаласына келіп қалдық.
Слайд көрсету: Астананың көрікті жерлері.
- Бәйтерек,
Ақ орда - президенттің жұмыс істейтін жері,
Пирамида,
Есіл өзенінің оң жағы мен сол жағы, көптеген әдемі ғимараттар, кешендер және тұрғын үйлер.
«Астана» туралы тақпақты мәнерлеп оқу.
Ел ордасы, ғажайып қалам, Астанам,
Өзгеге айтып, сен туралы мақтанам.
Қазақстан саған қарап бой түзер,
Өрлей берші, гүлдей берші, жас қалам.
Сәулеңді шаш еліңе, Нұрыңды төк жеріңе.
Киелі менің Елордам, Бақ болып қонған төріме.
II. Жаңа тақырыпты меңгерту. Астана – бас қала
Сөздік
жас қала – молодой город
зәулім үйлер – высокие дома
елорда – новая столица
қарсы алу – встречать
Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау)
Астана - болашағы үлкен қала
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Онда Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Астана қаласында жүзден астам ұлт өкілдері тұрады.
1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО - ның «Бейбітшілік қаласы» деген атағы берілді. Астана - болашағы үлкен қала.
1 - тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Сұрақтар:
1. Астана қандай қала?
2. Онда нелер көп?
3. Ол қайда орналасқан?
4. Астана қай өзен бойында орналасқан?
5. 1998 жылға дейін Астана қалай аталған?
6. Астана қалай көркейіп келеді?
ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.(3 минут)
Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.
Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу. 3 мин.
2 - тапсырма. Суретті қолдана отырып, диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Сергіту сәті: « Ұшақ»
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала,
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
3 - тапсырма.
Берілген сөздерге тәуелдік жалғау қосып, 2 сөйлем құрастырыңыздар.
Отан, туған жер, мекен, аймақ
ІІІ. Тренинг «Әңгімені қалпына келтіру» Менің қалам
Бірінші оқушы мәтіннен бір сөйлемді жазып алады да, екінші оқушыға жалғастыруға береді. Солай тізбек бойынша барлық оқушылар мазмұнына сәйкес логикалық бірізділікке өз сөйлемдерін жазып шығады. Содан кейін соңғы оқушы дауыстап оқиды.
VI. Жазылым – дәптермен жұмыс
1 - тапсырма: Фонетикалық талдау жаса: 1 нұсқа - қалам, 2 нұсқа - аймақ
2 - тапсырма: Жалғауларын жалғап, септіктерін анықта:
Жолдас..., әкем..., қала..., туыстар.., мектебі..., атам....
( - тың, - нің, - ға, - на, - мен, - ды, )
3. Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Достықтан, сыйлау, ауылыма
4 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік, септік жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің туған жер..., Отан...- Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты республика.
Қазақстан... астанасы - жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент...- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
IV. Тілдесім.
5 - тапсырма: «Көріністі кім сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттегі көріністі сөйлету.
VI. Ой толғаныс -«Бес жолды өлең»
Тақырып - Астана
Сын есім - 2 - әдемі, сұлу
Етістік - тұрады, көркейеді, құрметтейді
Сөйлем - Астана – бас қала
Синоним – туған жер
6 - тапсырма. Схема бойынша кластер жасап, әңгіме құрастыр.
Ой толғаныс саты –«Еркін жазу»
«Менің қалам» атты 5 минуттық эссе жазу
Бағалау парағын тапсыру, бір - бірін бағалау.
Сонымен бүгін сабақта не білдік, нені үйрендік?
Үй тапсырмасы: «Астана» туралы презентация жасау, мазмұндау.
VII. Рефлексия. Қорытынды
Астана - болашағы зор қала
- 87753530756
- 12 наурыз 2015
- 7040
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Астана - болашағы зор қала, Астана туралы тақпақ
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Астана 8-сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...Елордасы - Астана
Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;...Астана – бас қала
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.