Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
Мақсаты: 1. Оқушылардың құрмалас сөйлемді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу дағдыларын тексеру.
2. Оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту.
3. Оқушыларды білімге, еңбекке шақыру.
Сабақтың түрі: білімді тексеру, есепке алу және жүйеге келтіру.
Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары: талдау, салыстыру, ізденіс, ой қозғау, ой жалғастыру, ой толғау, тест.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
2 – слайд «Ой қозғау». Құрмалас сөйлемнің ережесін еске түсіру.
3 - слайд «Ой толғау». Венн диаграммасы бойынша салалас және сабақтас құрмалас сөйлемді салыстыру.
4 – слайд «Ой жалғау. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қайталау, мысал келтіру.
5 – слайд «Ой жалғау. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін қайталау, мысал келтіру.
Мәтін бойынша жұмыс.
Кітап - сенің досың.
Кітап – қымбат дос. Ол сенің сырыңды ешкімге ашпайды, әрқашан саған үндемей көмек көрсетеді. Сен оны құрметте! Оның айтқан ақылын ұғып, көкейіңе құйып ал! Кітап көп оқысаң, өмірде өз бетіңше шешім қабылдай аласың.
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі. Жан - жақты, ақылды адам болу үшін, түрлі кітаптарды көп оқу керек..
Қүнделікті өмірге қажетті ақпараттың барлығын кітаптан аламыз, сол себептен біз оны аялай білейік!
Кітап – сарқылмас білім бұлағы, халық қазынасы.
Тапсырма:
1. Мәтінді оқу
2. Мәтінге жоспар құру
3. Мәтінді әңгімелеу
4. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, түрін ажырату
VII. Берілген сөйлемдерді жалғастырып, түрін ажырат:
1. Мен кітап оқуды жақсы көремін,..........
2. Ғалымдар көп оқиды,..........
3. Кітапханаға барсаң,..........
4. Балалар көп оқығандықтан,..........
5. Кітап қызық екен,..........
VIII. Құрмалас сөйлемді қолданып, «Мектеп», «Білім» тақырыптары бойынша әңгіме құрастыр.
IХ. Берілген мақал - мәтелдерді оқып, мазмұнын түсіндір:
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Білімді өлсе, қағазда аты қалады.
Оқи берсең, көзің ашылады.
Білім ауысады, ырыс жұғысады.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Х. Тест сұрақтарына жауап беру, тексеру.
ХI. Құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» тақырыбына әңгіме құрастыр.
ХII. Үйге тапсырма:
1. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.
2. «Кітапқа да күтім керек» тақырыбына әңгіме құрастыр.
Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
- ramuk_b
- 4 наурыз 2015
- 7224
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құрмалас сөйлем, 10 сынып қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Кітапты күте білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Кітапқа байланысты сөздік қорын байыту. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата білгізу. Дамытушылық: Оқушылардың...Абайдың мұражай-үйі
Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Себеп-салдар салалас
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.