Сайтқа кіру Тіркелу

Бурабайға саяхат. Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер

Сабақтың тақырыбы: Бурабайға саяхат. Қонақ үйге орналасу. Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер.

Сабақтың мақсаты
1. Бурабай көлінің тамаша табиғатымен таныса отыра жан - жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен танысып салт және сабақты етістіктерді қайталау арқылы білімдерін пысықтау.
2. Қазақстанның көрікті жерлері туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорларын молайту. көру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отыра, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды Отанымыздың мақтанышы Көкшетау өңірінің тамаша табиғатының таза ауасын бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі. «Бурабай» туралы тұсаукесер, жеке карточкалар, грамматикалық кесте, «Қызмет» тілашар кітапша 26 - 29 бет, мәтін,
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Венн диаграммасы, кластер, бес жолды өлең, сұрау
Сабақтың барысы:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Топты сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау.

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу жасау. Контур карта арқылы Қазақстанның ірі қалаларын көрсету.

Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қазақстанның көлдерін ата.
2. Қазақстанның өзендерін ата.
3. Қандай тауларын білесіңдер?
4. Павлодар облысындағы ең керемет жерін атаңыз.
5. Қазақстанның қай жерін « екінші Швейцария» дейді?
ІІ. Негізгі бөлім. Ендеше біз сол керемет жерге саяхат жасаймыз. «Бурабай» туралы тұсаукесер көрсету.
1. Мәтінмен жұмыс
Бурабай
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы – қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Бурабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер, әңгімелер жазылған. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр” т. б. тарихи орындар бар. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары орналасқан.
«БУРАБАЙ» — мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ. 2000 ж. 12 тамызында ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша құрылған. Жалпы аумағы 83511 гектарды құрайды. Ұлттық саябақ табиғаты қорғауға алынған мемлекеттік мекеме. Саябақ Шучье - Бурабай курортты аймағында орналасқан.
Сөздікпен жұмыс.
Тұщы - пресная
Мөлдір - прозрачная, светлая
Тарихи орындар - исторические места
Ұлттық саябақ - национальный парк
Табиғи - природный
ҚР Үкіметінің Қаулысымен – Постоновлением Правительства РК.
Мәтін бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беру.
- Демалуға келгенен кейін қай жерде демаламыз?
- Қонақ үйлер туралы қысқаша мәлімет бер. Көршіңмен диалог құрастыру керек?

Салт және сабақты етістіктер. Туралы ережені еске алу. Мысал келтіру.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім. (Абай). Қайсысы салт және сабақты етістіктер?
Мәтіннен салт және сабақты етістіктерді теріп жаз.
Модаль сөздер. Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет.
Модаль сөздерді пайдаланып, «Қонақ үйге орналасу тақырыбына диалог құрастырыңдар.

- Ал енді біздің Павлодар облысында осыған ұқсас жер бар ма? Баянауыл туралы мәлімет бер. 156 бет.
III. Рефлексия.
Модаль сөздерге кластер жаса.
Венн диаграммасын жасау

Баянауыл Бурабай
Бағалау.
Үйге тапсырма: ғаламтордан Бурабай» тақырыбына тұсаукесер жаса.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Астана  8-сынып (орыс мектебі)

Астана 8-сынып (орыс мектебі)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...
Қандай көркем туған өлкем! (Сабақтас құрмалас сөйлем)

Қандай көркем туған өлкем! (Сабақтас құрмалас сөйлем)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: жаңа тақырып жайлы оқушылардың білімдерін толық тереңдету; сабақтас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін...
Көкшенің кеудесінде

Көкшенің кеудесінде

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махмутова Алия Серажиденқызы...
Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақты етістік пен салт етістік

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы...
Көмекші етістік

Көмекші етістік

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкінбаева Динара Мусағалиқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×