Сайтқа кіру Тіркелу

Қосарлама қос сөздер

Қазақ тілі 6 - класс
Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Мақсаты: Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге, қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пысықтау
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика
Көрнекілігі: Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдты түсіндірме тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
- Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
- Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып, фонетикалық талдау жүргізеді;

Сабақтың барысы
1 Психологиялық дайындық:
Оқушының зейінін аудару, түгендеу.

2 Қызығушылықты ояту: сұрақтар
1 - тапсырмасы: Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2 - тапсырмасы: Күрделі сөздердің түрлерін ата
3 - тапсырмасы: Қос сөз дегеніміз не?
4 - тапсырма: Қос сөздер нешеге бөлінеді, оларды ата?
5 - тапсырма: Қайталама қос сөз дегеніміз не?
6 - тапсырма: Қайталама қос сөздер қалай жасалады?

3. Мына қос сөздерді мағынасына қарай талдау
Құлын - тай
көре - көре
Жоғары - төмен
жарқ - жұрқ
Үйрек - қаз
Үйді - үйге
Қыз - келіншек
өз - өзіне
- Бұл сөздер қалай жасалып тұр?
- Неше түбірден қосарланған?
** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді – қосарлама қос сөздер дейміз. (слайд көрсету)
- Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады? Оны білу үшін мына слайдқа көңіл аударамыз
Елу түйесі, екі жүздей қой – ешкілері тағы бар.
- Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет? / Екі түбірі де бір - біріне мағыналас сөз.
- Олай болса, қосарлама қос сөздер, мағыналары бір - біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама - қарсы / антоним /сөздер қосарланады. Мысалы: қысы - жазы, жата - жастана, аға - іні, ауыл - аймақ, ағайын - туыс.
Ол үйдің бала - шағасына дейін тыным таппайды.
- Бір мағыналары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.
Мысалы: көйлек - көншек, жүн - жұрқа, қыз - қырғын т/б
Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды. Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға» сөзі «Кішкентай, қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.

Оқулықпен жұмыс / ауызша/
№ 93 / Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды.
№ 95 / Тақтамен жұмыс /
Сөз тіркесін жасайды.
- Ойын - тойдың сәні, көші - қон қамы т/б.

«Жалғасын тап» ойыны
Дос -.......
Егжей -.......
.......- Жарақ
Сәлем -.........
.......- Насихат
.......- Сарсаң
.........- келбет
Қант -..............
Ығы -........

Математикалық талдау
3 топқа тапсырма
1 - топ: Дос - жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу
2 - топ: Кескін - келбет сөзіне
3 - топ: Ығы - жығы сөзіне талдау
Ой толғаныс:
1 - топ: Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
2 - Топ: Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
3 - Топ: Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру
4 - Үйге тапсырма: №100, ережелерді ереже дәптерге түсіру

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×