Сайтқа кіру Тіркелу

Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы «Ай мен Айша» романы

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы. «Ай мен Айша» романы (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: білімділік - Ш. Мұртазаның өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек түсінік беру.
дамытушылық – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таныту, оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
тәрбиелік – ел тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздар, жетондар, кітапшалар.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
а). Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа ат қою.
І топ – «Алғыр» ІІ топ – «Білгір» ІІІ топ – «Тапқыр»
Әр кезеңнің бағалары сары, көк, қызыл түсті жетондармен бағаланады.
Сары «3»,
көк «4»,
қызыл «5».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І кезең « Топтастыру»
Әр топқа бетше таратып беремін. Оқушылар бетшеге топтастыру тапсырмасын орындайды
«Алғыр» тобы. Мұқағали кім?
«Білгір» тобы. «Ана – ардақты жан»
«Тапқыр» тобы. Киелі құс – аққу.

ІІ кезең «Ой қозғау»
Әр топқа кеспе қағаз таратылады. Кеспедегі тапсырма бойынша өз ойларын әңгімелеп береді.

«Алғыр»тобы Ананың аққуды атуы дұрыс па?
«Білгір»тобы Анаға бала керек па, әлде аққу керек па?
«Тапқыр»тобы Роман неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар, енді барлығымыз тақтаға қарайық.
ІІІ кезең « Тауып оқыңдар».
Төмендегі дөңгелекте бүгінгі тақырыбымыздың аты жазылған. Ол үшін
әр санды рет - ретімен тауып, сол санның қасындағы жазылған әріптерді төменде берілген кестеге толтырсақ, жаңа сабағымыздың аты шығады.
Жауабы: Шерхан Мұртаза.
Оқушылар, біздің лирик ақын Мұқағали Мақатаев секілді халық жазушысы, драматург, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза.
Дәптерлеріне күннің жады мен тақырып атын жаздыру. Жаңа сабақты түсіндіру. Шерхан Мұртазаның өмірін, шығармашылығын (Хронологиялық тапсырма арқылы) әңгімелеу.
«Ай мен Айша» романын қысқаша әңгімелеп беремін.

IV кезең « Іздену»
« Алғыр» тобы 1. Ш. Мұртазаның өмір жолы.
2. Айша өзінің балалық шағын еске алатын жерін оқулықтан тауып оқы.
« Білгір» тобы 1. Драмалары.
2. Балаларға ата - аналарының өмір тарихын білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
« Тапқыр» тобы 1. Хикаяттары мен әңгімелері.
2. Егер сіз Шерхан атамыздай жазушы болсаңыз, қандай тақырыптарда шығарма жазар едіңдер?

ІV. Үй тапсырмасы.
а). Шерхан Мұртазаның өмірі туралы оқу.
ә). Ш. Мұртаза туралы деректер, мағлұматтар іздеп келу.

V. Қорытынды.
1. Сендер осы тақырыптан қандай мағлұмат алдыңдар?
VI. Бағалау.
Жетондарды санау арқылы топты бағалау. Сабаққа көп қатысқан оқушыны жеке бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×