Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?! толғауы
Сабақтың білімділік мақсаты: А) Ақын өмірінен мәлімет бере отырып шығармаларының маңыздылығын таныту, шығармаларының тақырыбы мен идеясын, өзіне тән ерекшелігін таныту
Ә) Дамытушылық. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, өз бетімен іздене білуге, қосымша материалды іріктей білуге, ой қорытуға үйрету
Б) Тәрбиелік: Туған жер, ата - қонысынан айрылған халықтың қарсылығын танытқан ақынның жүрек айғайын ұғындыру, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Қолданылатын көрнекі құралдар: ақын өмірінен мәлімет беретін слайд, видеоролик, ғалымдардың Дулат туралы пікірлері
Оқыту әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Блум таксономиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
1. Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің шешендік сөздеріндегі идеялық ортақ ойды салыстыра әңгімелеңдер
2. Шешенге тән қасиеттер қандай?
Жаңа сабақ кезеңі
1 - слайд «Мағынаны таны» стратегиясы
Слайдтан 19 ғасыр тарихи суреттер көрсетіледі.
- Балалар, мына көріністерге назар аударайық. Бұлар нені еске түсіреді?
Оқушылардан сұрай отырып, жаңа сабақты хабарлаймын.
Дәптерге тақырыпты жазамыз.
«Блум таксономиясы» әдісімен ақын туралы мәліметті түсіндіремін.
2 - слайд «Біліңіз» Ақын өмірінен мәлімет
Ақынның туған жері, орналасқан жері туралы айтып өту
3 - слайд «Түсініңіз» Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту,
4 - слайд «Оқыңыз, талдаңыз»
Оқушыларға оқыту, толғау мазмұнымен жұмыс жасау
Қойылатын сұрақтар:
Сіз не байқадыңыз?
Аягөз өзені қайдан бастау алады?
Ақын оны қалай суреттейді?
5 - слайд «Қолданыңыз»
Өлең ішіндегі кейбір тармақтардың мәнін ашу
Аягөз кімнің жері еді?
Не деп жауап береді?
Жезден қарғы тағынды?
Майырға болды жағымды.
Ел екіге жарылды.
Дуан салып жайланып.
Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп жұт болмақ.
6 - слайд «Салыстырыңыз»
Абай мен Дулат шығармаларының ұқсастығын анықтау.
Дулат: “Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан - дағы қылықты
Майырдың алса бұйрығын,
борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады - ай...” және
“Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса
Сөз - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса...”
десе, Абай: “Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...” және
“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы...”
7 - слайд «Пайымдау» Өлең идеясын табу
Ақынның өлең - жырларының басты тақырыбы қандай?
Ақынның арманы не?
Сабақты қорытындылау
8 - слайд «Ойтолғаныс сағаты»
“Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік” тақырыбына ойтолғайық
9 - слайд «Ашығын айтсақ...» қысқаша ток шоу
Дулат бейнелеген бейнелер арқылы болашаққа түйген түйінің қандай?
Бір кезде Дулат ақын жырлаған жер мәселесі қазір қандай күйде?
Отаршыл елдің құрсауында қалған жерлеріміз туралы не айта алар едік?
10 - слайд Елбасы сөзі
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса. Қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н. Ә. Назарбаев
11 - слайд Видеоролик Б. Тілеухановтың «Елім менің» әнімен сабақты аяқтау
Үйге тапсырма: Толғауды жаттау; Шығармашылық жұмысты аяқтау.
Бағалау
Дулат Бабатайұлы. Аягөз, қайда барасың?!
- bibka
- 24 қыркүйек 2014
- 22596
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дулат Бабатайұлы, Аягөз, қайда барасың, ашық сабақ қазақ әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...
Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...Тарланым
Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...Дулат Бабатайұлы
Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!»
Мақсаты: Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, заман шындығын көрсету; Тәрбиелік: Туған жерге деген...Жылу Ф. Оңғарсынова
Пән: Ана тілі 2- сынып Сабақ аралас Тақырыбы: Жылу Ф. Оңғарсынова Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.