Сайтқа кіру Тіркелу

Семей. Өскемен қаласы

Сабақтың мақсаты: оқушылар Семей, Өскемен қалалары туралы білімдерін тереңдетеді.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: күрделі сөздерді пысықтайды.
Дамытушылық: тілі, зейіні, ойлау, еске сақтау қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, топтық жұмысқа қажетті құрал - жабдықтар
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды психологиялық ахуал орнату. Бірлік туралы видео көрсету. Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды, өнімдерін қорғайды.
II. Жаңа сабақ.
1) 1 - ші тапсырма: 3 бағыт бойынша өнім дайындау (5мин, қорғау 2мин)
1 - ші топ Қаланың тарихы – хронологиялық кесте толтыру
Қала тарихы
Семей қаласының Ірге тасы 1718 жылы қаланды. Петр І тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер бұл қонысты «Семьпалат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін тастан қаланған жеті сарай болған. Дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары шамасында тұрғызылған.
1782 жылы уездік қала болды. Бекініс ішінде шіркеулер, казарма, әскери мекемелер, тоғыз мешіт болған екен.
1782 жылы қала мәртебесіне иеленді. 1783 жылы Семей деп аталды. Қала гербі бекітілді: «Қалқанның көкшіл бетінде алтын тиелген алтын түйе, оның үстінде жоғарғы жағында алтын тәжі бейнеленген».
1941 жылы облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиясы құрылды.
2000 жылы қаламызда жаңа көпір салынды.
2007 жылы қала атауы Семей деп өзгертілді.
2 - ші топ Ұлылыр мекені – буклет жасау
Ұлылыр мекені
Біздің жерімізде халқымыздың үш кемеңгер ақын - жазушысы дүниеге келген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар. Абай - халқымыздың дана ақыны, философы, ал Абайды әлемге танытқан ұлы Мұхтар.(«Абай жолы» романы) Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ізбасары. Мұндай үш алыптың бір жерде дүниеге келуі – сирек құбылыс.. Бұл өңірде олардан бұрын да атақты адамдар өмір сүрген. Өскенбай, Құнанбай сияқты даңқты билер болған. Ертіс топырағы мен Шыңғыс топырағы олардың бойына даналық берген. Сонымен қатар алғаш парижде ән салған Әміре Қашаубаев та осы өңірдің тумасы. Әміре Қашаубаев (1888 - 1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т. б. әндерді орындап, 2 - бәйгемен қоса күміс медаль алды. Ұлылырдың тізбегін Әйгілі актриса Қазақстанның Халық әртісі Әмина Өмірзакова, қазақ әншісі Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаевалар жалғады.
3 - ші топ Бүгінгі таңдағы Семей – саяхатқа шақыру жарнамасы
(Оқулықтағы мәтін бойынша)
2) Грамматикалық тапсырма. Бейнероликті көріп, топ бойынша сөздерді теріп жазу.(5мин, қорғау 2 мин)
1 - ші топ – біріккен сөздер (Сарыарқа, Тайқазан, Айдана, Гауһартас)
2 - ші топ - қысқарған сөздер (СММУ, СМУ, КазМЗУ)
3 - ші топ – тіркескен сөздер (Семей қаласы, неке сарайы, Ертіс өзені, қарағай орманы)
Қос сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құру.
Сергіту сәті. («Атамекен» әнін тыңдау )
3) 3 - ші тапсырма. Өскемен қаласымен телекөпір орнату. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру.(5мин, қорғау 2 мин)
ІII. Бекіту
«Мен Семей қаласының азаматымын» тақырыбы бойынша эссе жазу. (5мин)

IV. Қорытындылау. Бағалау.
Ой түю.
V. Үйге тапсырма: Өскемен қаласы туралы толық мәлімет дайындау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×