Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Солнечный поселкесі, № 28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Абилгаламова Айжан Кенжеханқызы
«Жыр алыбы, Жамбыл ата!» (7 - сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Жамбылдың шығармашылығынан тереңірек меңгерту, өлеңдерінің мағынасын аша отырып түсіндіру, мәнерлеп оқу, өлеңді талдауға бейімдеу;
тәрбиелік - оқушылардың өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу, Отанды сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру; дамытушылық - оқушылардың өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге төселдіру, шығармашылық жұмыс арқылы тілдік қорын молайту, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру,
Сабақ түрі: жаңа білім беру, топтық жұмыс, жарыс сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, үлестірмелі кәртішкелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, сурет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын ретке келтіру, оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын жинақтау мақсатында «Ой қозғау».
- Балалар, бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не?
(Оқу, білім алу. Тәртіпті болу. )
- Жақсы балалар, бәрің дұрыс жауап бердіңдер. Ал ол үшін не істеуіміз керек.
- Сабақты жақсы оқу, үлкенді сыйлау, алдымызға мақсат қою, соған жету үшін іздену.
- Ата - аналарымыздың ақыл сөздерін есте сақтау, ұстаздарымыздың ақыл - кеңестерін тыңдау, білімді, тәрбиелі, жан - жақты дамыған оқушы болу.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды топтық әрі жарыс сабақ түрінде өтеміз. Сендерді «Дана» және «Дара» атты екі топқа бөлемін. Жетекшілерді белгілеймін. Сабақ соңында қорытындысы, оқушылардың белсенділігі анықталады. Жетекшілер өз тобы оқушыларының білімін жауап парақшасы арқылы бағалап отырады.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады.
1. Жамбыл өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
А) Қай жылы, қай жерде туды? Қашан қайтыс болды?
Ә) Неше жасынан бастап айтысқа түсті?
Б) Ұстазы кім болған?
В) Қандай шығармаларын білесіңдер?
Г) Жамбылмен тұстас қандай ақынды білесіңдер?
III. Жаңа сабақты бекіту.
1 - топқа « Аттандыру» өлеңіне талдау жасау.
2 - топқа « Алғадай туралы әрбір ой» өлеңіне талдау жасау.
Оқушылардың пікірін тыңдай отырып түсініктеріне көңіл бөлу.
- Өлеңді мәнерлеп оқыту
- Әдеби - теориялық талдау жасау
- Өлең қандай үлгіге жататынын айту.
- Өлеңнің құрлысын талдау.
- Осы өлеңдерді соғыс оқиғасымен байланыстыра отырып түсіндіру.
- Ауыз әдебиетінің қай түрімен сабақтасатынын айту.
IV. Осы екі өлеңге ортақ кейіпкер кім? Жамбылдың ұлы Алғадай.
Ал енді Алғадайдың бейнесін көзімізді жұмып бір сәт көз алдымызда елестетіп өтейік те, бейнесін қағазға салайық.
Топ жетекшілері салған Алғадайдың бейнесін ортаға шығып қорғайды.
V. Сабақты қорыту.
«Жамбыл кім?» деген сұрақ көлеміндегі жауаптармен қорыту.
Суырып салма айтыскер ақын
Жамбыл
Аяулы әке
Ұстаз
Тілге шешен, жыршы
Домбырашы, күйші
Қоғам қайраткері
VI. Үйге тапсырма. « Ана әлдиі» өлеңін жаттап келу.
VII. Бағалау. Топ жетекшілері пікірлерімен санаса отырып білімдерін бағалау.
Жыр алыбы - Жамбыл ата
- Ильяс
- 28 мам 2014
- 6955
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жыр алыбы Жамбыл ата туралы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жамбыл Жабаевтың Алатау өлеңі
Жамбыл өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру, Алатау өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың өнерге, білімге деген...Асыл сөзді іздесең...
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып білу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу....Жамбыл Жабаев "Аттандыру"
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында....Ж. Жабаев. "Менің өмірім", "Аттандыру"
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние
Ақтөбе қаласы №18 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Икласова Нуржанат Кайратовна Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние» Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.