Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушылар жай тіркес пен тұрақты сөз тіркесін практикалық жолмен ажырата білу.
Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты тіркес ерекшеліктерін айқындайды.
Тапсырма мен жаттығулар:
1 - тапсырма. Сыныпты кәмпит арқылы 3 топқа бөлу.(2 мин)
2 - тапсырма. Топ ережесін шығару. (3 мин)
3 - тапсырма. Топ рөлін анықтау.
Баяндамашы
Хатшы
Төраға
Таймкипер
Оқушыларға еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесінен мысалдар таратылып беріледі.
Ит өлген жер – ит өлді
Төбе шашы тік тұрды - шашын кес
Он саусағынан бал тамған – бал жеді
1. Ит өлген жер деген сөз тіркесін басқа сөздермен ауыстырып көрші?
Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды.
2. Төбе шашы тік тұрды сөзінің мағынасы неде?
3. Әр сөзде бір - бірімен байланыс бар ма?
Тұрақты сөз тіркестері тұтасып, бірнеше сөз бірігіп бір ғана мағынаны береді.
4. Он саусағынан бал тамған деген тіркесті пайдаланып сөйлем
құрау.
5. Әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма?
Тұрақты тіркестерді бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Осыдан кейін әр топтың хатшылары берілген қағазға сөз тіркесінің белгілерін жазып тақтаға іледі.
Енді әр топ бірге тұрақты сөз тіркесінің ережесін құрастырады.
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп аталады.
111 - жаттығу.
Көзге ілмеу – қарамау
Аузына құм құйылды – үндемеу
Зәресі ұшу – қорқу
Көзді ашып жұмғанша – тез, жылдам
Жүрегі зу ету – қорқу
Тас жүрек – қатал
Әр топқа тапсырма беріледі. Онда оқушылар тұрақты сөз тіркестері мен жай сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды және екі сөйлемді салыстырмалы түрде оқып, өз ойларын айтады.
Сергіту сәті: (Мимикамен көрсету) мұғалім – үндемеу
1 - топ – ұрысу
2 - топ – қорқу
3 - топ – қуану
Тұрақты сөз тіркесі тілімізге не үшін қажет?
Бес жолды ойлау
1. Тақырып
2. Суреттеу
3. Қимыл
4. Сезіну
5. Мәнін қайта айтатын сөз (синоним)
Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады, не ұнамады, не білдіңдер?
Бағалау: Топ басшылары жасыл, қызыл, сары түсті фишкалармен өз топтарын бағалайды.
Үйге тапсырма: 112 - жаттығу. Ережелерді қайталау.
Тұрақты тіркестер
- eskozha maral
- 13 мам 2014
- 48639
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұрақты тіркестер, қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Лексикадан өткенді қайтадау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Мақсаты: Лексикадан өткенді қайталау тапсырмаларын орындай отырып, өз пікірін білдіре біледі және ойын...Жарасып тұр дәстүрім! Фразеологизм
ШҚО, Семей қаласы «№10 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токымтаева Ақбота Ғалымқызы...Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)
Пән мұғалімі: Елшібай Ү. Ж. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лексика бойынша алған білімдерін дамыту арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөз...Тұрақты сөз тіркесі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 11 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Кадиркешова Зауре Кадархалиевна...Тұрақты тіркестер
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі Сапиянова Гулімай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.