Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз мерген

«Сөз мерген» сайысы
(Сыныптан тыс жұмыс)
Жүргізуші: Құрметті жиналған оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Тіл мерекесіне» арналып, жоспарланып отырған, сыныптан тыс іс - шарамызға қош келдіңіздер!
Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы - «Сөз мерген!».

Бүгінгі – «Сөз мерген»сайысына 6 - сынып оқушыларынан 3 топ қатысады.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал - мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.
Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.

Енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І кезең «Сәлем - сөздің атасы»
ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»
V кезең «Кім жылдам?»
VІ кезең «Озық болсаң, озып көр»
VІІ кезең «Тіл өнері»

Олай болса, І кезең «Сәлем - сөздің атасы». Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.
Сөз кезегін қатысушыларымызға береміз.

ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде мықтылықтарыңды көрсетесіңдер. Бұл жерде тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар...
1) Құлын, ат, тай, жылқы. (таңба басқандай) алыс
2) Жылқы, қой, түйе, сиыр.(аузынан шөп алмас) момын
3) Сүйек, қаңқа, ит, қасқыр.(терісін басына қаптау) ұрысу
4) Ит, төбет, күшік, қасқыр (өлген жер) алыс
5) Қолқа, көмекей, өңеш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу
6) Жақ, құлақ, тіл, айыз (алғыш) қарама - қарсы сөз тіл азар
7) Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты
8) Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз
9) Ұлдың, қыздың, ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті
10) Көз, сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.

Жүргізуші: Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?!
Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға - сол алда!

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың шешуін тауып, жауабына байланысты мақал - мәтел құрау қажет.
1. Оқтан жүйрік,
Қылыштан өткір (сөз)
2. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (жұмыртқа)
3. Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
4. Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (Жер, аспан)
5. Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай. (Таяқ)
6. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі, адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)
7. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
8. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (от)

ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.

1. Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып.
(----------------------------------------------)
2. Асқар, ағып, тау, бала, жатқан, әке, бұлақ.
(----------------------------------------------)
3. Тамған, тамар, у, бал, тілден.,
(----------------------------------------------)
4. Үйдің, жылы, туған, түтіні.
(----------------------------------------------)
5. Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, жалғыздың.
(-----------------------------------------------)
6. Қорқытады, терең, көп, батырады.
(-----------------------------------------------)
7. Отбасынан, отанды басталады, сүю.
(-----------------------------------------------)
8. Дұшпан, ақыл, дос, ашу.
(-----------------------------------------------)

Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл қасіретім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Тіл керуені" сайыс сабақ

Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 5 - 9 - сыныптар арасында өткізілетін «Тіл керуені» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Осы сайысымызды...
«Сөз - мерген» сайысы

«Сөз - мерген» сайысы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...
Сөз - мерген тіл танымдық сайысы

Сөз - мерген тіл танымдық сайысы

Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөзтіркестері, мақал - мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын...
«Сөз - мерген» тіл танымдық сайысының бағдарламасы

«Сөз - мерген» тіл танымдық сайысының бағдарламасы

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Cөз-мерген (сайыс)

Cөз-мерген (сайыс)

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×