Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік»
Сыныбы: 9
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналарды мектеппен, мұғалімдермен тығыз байланыста болуға шақыру. Тәрбие сапасының жоғарылауына ықпал ету.
Әдістері: пікір алмасу, жағдаяттық сұрақтар, сауалнама
Шараның өтілу барысы:
І. «Есімдер аллитерациясы», танысу жаттығуы.
ІІ. Топқа бөлу.
ІІІ. Пікір алмасу.
ІҮ. «Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?»
Ү. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
ҮІ. Жағдаяттық сұрақтар.
ҮІІ. Сауалнама «Сіз қандай ата - анасыз?».
ҮІІІ. Қорытынды. «Философ және көбелек» аңызы.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік» тақырыбындағы пікір алмасуымызға қош келдіңіздер!
І. «Есімдер аллитерациясы», танысу жаттығуы.
Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. (Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?)
ІІ. Топқа бөлу. (Ата - аналар екі түсті стикердің бірін таңдау арқылы топқа бөлінеді де, сол стикер түстес шар тұрған үстелге жайғасады)
ІІІ. Пікір алмасу
Екі топқа тақырып беріледі. Ата - аналар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
1. «Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың керегі бар ма?»
2. «Бала тәрбиесінде отбасының ықпалы зор ма, әлде мектептің ықпалы зор ма?»
ІҮ. «Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?», мағлұмат беру.
Ү. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы. (Ата - ана мен бала жауабы оқылып, салыстырылады.)
1. Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
3. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
4. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5. Туысқандарынан қай жақты жақын тұтады?
6. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
7. Балаңыздың сыныптағы парталасы кім?
8. Балаңыздың ең жақын досы кім?
ҮІ. Жағдаяттық сұрақтар. Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды үлестіріп алып берілген сұрақтарға тез жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге «Сіздің балаңыз басқа балаларға әлімжеттік көрсетеді» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс - әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың үлгірімі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыздан жат қылық байқасаңыз, қандай шара қолданасыз?
ҮІІ. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?"
ҮІІІ. Қорытынды. «Философ және көбелек» аңыз
Бір заманда керемет бір философ өмір сүрген екен. Ол барлық сұрақтарға жауап айта алатын болыпты. Оның даналығын сынап көргісі келген бір жігіт былай деп ойлапты: «Егер мен қолыма тірі көбелекті салып алып, оған барып сұрасам: менің қолымда тірі ме, әлде өліме деп ол маған не айтар екен? Егер ол «тірі» десе, мен көбелекті алақанымда қысып өлтіріп тастаймын, ал егер ол «өлі» десе, мен оны босатып қоя беремін».
Сөйтіп ол өз ойын іске асырмақшы болып, қолына көбелекті қысып алып барған екен. Сонда оның сұрағына философ не деп жауап берді?
Жұмбақтың жауабы:
«Барлығы өз қолыңда»
Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік
- dauir89
- 8 мам 2014
- 9510
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесі баршаға ортақ (Ата - аналармен тренинг сабақ)
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...Мен және жанұям (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...Балалар әлемі- ғажап әлем (ата -ана сағаты)
Қаратөбе ауданы Қаратөбе балалар саз мектебінің оқу ісінің меңгерушісі: Ақкерей Ләйлі Тельманқызы...Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...Сіз қандай ата-анасыз?
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.