7 - сынып, қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ сазгерлері»
Сабақтың мақсаты: 1. " Қазақ сазгерлері " туралы түсіндіре отырып, тілдесім әрекеттерін қалыптастыру.
2. Сұрақ - жауап жұмысын жүргізу, септік жалғауларын қайталау арқылы еске сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ынтымақтастықта, бір - бірін сыйлай отырып, жұмыс істей білуге, өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу. Туған жерге сүйіспеншілігін ояту, құрметтей білуді дәріптеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ сазгерлерінің суреттері
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру – Сәлеметсіңдер ме?
- Отырыңдар
- Кім кезекші?
- Кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
ІІ. Дыбыстық қайталау
Сазгер - 6 әріп, 6дыбыс, 2 буын: Саз - гер
с - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан, езулік, ашық
З, г - дауыссыз, ұяң
р - дауыссыз, үнді
е - дауысты, жіңішке, езулік, қысаң
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
- Балалар, қандай сазгерлерді білесіңдер?
- Құрманғазы, Дина, Нұрғиса Тілендиев
ІV. Жаңа сабақ «Қазақ сазгерлері»
1. түсіндіру
2. сөздік жұмысы (түсініксіз сөздерге тоқталу)
3. Жаттығу жұмыстарын өткізу
Балалар бүгін біз сіздермен қазақ сазгерлері тақырыбымен танысамыз. Өткен сабақта
«Күй аңыздарымен» танысқанбыз. Онда да күйлер мен оны жазушылар туралы
мағлұмат алған болатынсыңдар. Бүгін сол тақырыпты жалғастырамыз. Ал бүгін біз Ахмет Жұбановпен танысамыз. Ахмет Жұбанов1906 жылы туып, 1968 жылы қайтыс болған. Ол Қазақстанның халық артисті, қазақ әндерін зерттеуші, академик, өнер ғылымының докторы, профессор. Ахмет Жұбанов Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әнге деген қызығушылығын ол әкесі мен ағасынан алған. Бала кезінен домбыра мен скрипкада ойнаған. Алматы консерваториясында халық аспаптар кафедрасын басқарған. Ол Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрін құраған. Ол Құрманғазының шығармашылығын зерттеп, оның күйлерін оркестрмен ойнау үшін келтірген. «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлы» атты ән өнерінің тарихын жазған. Көптеген әндерге музыка, пьесалар және опералар жазған. Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жыл Бөкей ордасында Жиделі тоғайы (қазір Жаңақала ауданы, Батыс – Қазақстан облысы) кедей Сағырбай киіз үйінде дүниеге келген. Бала кезінен домбырада ойнаған. Ерте кезден байқала бастаған әнге деген қызығушылығы әкесі жақтырмады. Құрманғазының шешесі Алқа болса ашық – жарқын тұлғалы адам ұлының музыкаға деген қызығушылығын құптады. 6 жас шамасында кедейліктің қыспағынан қой бағуға берілді. Оның көптеген күйлері бар. Олар Сарыарқа, Алатау, Кішкентай, Балбырауын және т. б - Слайд көрсету. Сол арқылы әңгімелесу. Сабақты қадағалап, топтарды бағалап отыратын жюри таңдап алу. Сыныпты екі топқа бөлу
2. Жаңа сөздермен танысу. Тақтадағы жұмыс
- жаңа сөздерді оқиды
- кезекпен оқиды
- дәптерге жазып алады
- жаңа сөздерді қаншалықты есте сақтағандары бойынша «Домино» ойынын ойнату.
(Домино парақшаларының бір жақ жартысында қазақша, екінші бөлігінде орысша атаулар жазылған. Әр шағын топтың оқушылары атаулардың аудармасын тауып, домино парақшаларды ұзынынан қою арқылы домино ойнайды. Доминоны тақтада ойнайды. Әр қағазды пластилин немесе скоч арқылы тақтаға жапсырып, әр топ өзара жарысады. Қай топ жылдам орындаса сол топ жеңімпаз).
3. Мәтінмен жұмыс. Ауызша жұмыс
- мәтінді ішінен оқып, дайындалады
- кезекпен оқып, бірге аудару
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру (сұрақтар тақтада ілулі тұрады)
қай топ сұрақтарға дұрыс, айқайламай, қол көтеріп жауап берген топ жеңеді.
1. Құрманғазы Сағырбаев кім?
2. Құрманғазының күйлері
3. «Құрманғазы» атты поэманы кім жазды?
4. Құрманғазы атымен Алматыда не аталады?
5. Құрманғазының портретін жасаған суретші
4. Сергіту сәті «Кім көп біледі?» ойынын өткізейік.
Ойынның шарты: бір портретті ұстап тұрамын. Оқушылар қол көтеріп жауап береді. Әр топтың портреттері әр – түрлі. Онда күйші - сазгерлердің портреттері көрсетіледі, қай топ дұрыс жауап беріп, қателеспесе сол топ жеңімпаз.(Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Абай)
5. Дәптермен жұмыс
1 - тапсырма. Сөйлемдердегі кірме сөздерді теріп жаз, нүктелі сөздерге тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңдар.
Жауап үлгісі: композитор, оркестрінің, дирижері, операсы, спектакль, кинофильмдерге, музыка.
Жылдар, аспаптары, жылдарында, әндері, спектакльдер, кинофильмдерге,
- тақтаға топ командирлері келіп жұмыс істейді
2 - тапсырма. Мәтін ішінен септік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазып, олардың септіктерін көрсет.
Жауап үлгісі: Қазақтың, музыкасының, озбырлыққа, жолында, түрмеден,
3 - тапсырма. «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа диалог дайындаңдар.
V. Үй жұмысы (аяқтау)
VI. Қорыту
Оқушылар өздеріне қаншалықты сабақ ұнаса солай қарай сабақты «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Өте ұнады (жасыл) ұнады(сары) ұнамады(қызыл)
деген үш көзді бағдаршам тақтада ілулі тұрады, оқушыларға сабақ өте ұнаса - жасылға қояды, жай ғана ұнаса - сарыға, ұнамаса - қызылға белгі қояды.
VII. Бағалау
Оқушыларды біліміне, өз ойын, пікірін дәлелдей алу қабілетіне қарай бағалау.
Қазақ сазгерлері
- ramuk_b
- 19 сәуір 2014
- 12765
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ сазгерлеріне байланысты қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері
Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...Күй аңыздары
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Н. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен...Құрманғазы Сағырбайұлы
Шымкент қаласы № 72 жалпы орта мектеп Музыка пәнінің мұғалімі: Жунисова Нурсауле Кенжеевна...Құрманғазы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 - мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің 3 сынып мұғалімі, бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.