Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Еліміздің тәуелсіздігі туралы өз ойын жетік айта білуге, берілген тапсырмаларды интерактив тақтаның мүмкіншіліктерін қолдана отырып, дұрыс орындай білуге үйрету. Сауатты сөйлеуге дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін, танымдық қабілетін, сауаттылығын, сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Отанға, ел мен жерге, тілге, ұлтқа деген құрметін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қайталау, жазу, талдау, бейнефильм көру.
Сабақтың көрнекілігі: актив студия
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Кезекшімен сұхбат, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Жаңа сөздер.
2. Өлеңді жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Активстудияда жылжымалы мәтінде бүгінгі күн мен сабақ тақырыбы жазылып, жылжып тұрады. Сағат көрсетіліп тұрады.
1. Лексикалық минимум.
Оқушылар бірі - бірімен сұхбаттасады.
- Сәлем, Даша!
- Сәлем, Максим!
- Біз кеше сабақта тәуелсіздік туралы әңгімелестік. Сен бүгін сабаққа
дайынсың ба?
- Ия, дайынмын. Сен 16 желтоқсанның ерекшелігін білесің бе?
- Иә, әрине білемін. Ол еліміздің егемендік алған күні ғой.
- Дұрыс айтасың. Осы елдің азаматы болу қандай бақыт!
- Мен де өз Отанымды өте сүйемін, өскенде еліме қызмет етемін.
2. Сөздік диктант. (активстудияда жұмыстардың барлығы демперде арқылы
жүргізіледі)
жержүзі, дүние жүзі, мойындаған, қағида, мақұлдады, іле - шала, лезде.
3. Осы сөздердің синонимін жазу. (оқушылар жазғаннан кейін, дұрыс
нұсқасы ашылады, оқушылар салыстырып, сөздерді жылжыту арқылы орнына қояды).
4. Осы сөздердің орысша аудармасын жазу. (бұл жұмыс та дәл осылай
орындалады)
ІY. Сабақты бекіту.
1. 4 - тапсырма. Берілген сөйлемдердің бос орындарын қажетті суреттермен толықтырып, ауызша айтып беру. (Суреттерді бос орындарға жылжытып қояды, сонан соң оқушылар сөйлемді толық оқиды).
Біздің елімізді басқарады.
Қазақстанда 130 - дан астам тату - тәтті тұрады.
Қазақстан мемлекеттерімен шектеседі.
Қазақстан Республикасының - нда бейнеленген.
Алматыда бар.
2. 8 - тапсырма. Берілген сөздерді септік жалғауларына қарай бағандарға орналастырыңдар.
Қазақстанның, мүшелігіне, елімді, отбасынан, атамекенде, Отаныма, елдермен, мемлекет, жаңалығын, халықпен, туған жеріңді, шекарасы, заңында, қатарларына.
Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
1. 6 - тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Қазақстан 1991 өз егемендігін алды.
Сол жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.
Y. Қорытынды.
1. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойып, білімін бекіту.
2. Активстудияда «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнефильм көру.
YІ. Бағалау.
YІІ. Үйге тапсырма: 1. Отан туралы мақал - мәтел жаттау.
2.«Менің тәуелсіз елім» эссе жазу.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет
- Laisan
- 20 наурыз 2014
- 6505
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Тәуелсіз Қазақстан, Отан
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан – біздің Отанымыз
Отанымыз Қазақстан жайында білімдерін кеңейту. Отан, ел туралы түсініктерін молайту. Тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету; ойларын...Қызық құс
Алматы облысы, Ескелді ауданы «Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік
4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс...Кең байтақ Қазақстаным
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы...Күрделі сөздерді қайталау
Мақсаты: Күрделі сөздер түрлерін қайталау. Өткен сабақты толықтыру. 2. Оқушылардың қабілетін арттыру сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.