Сабақтың тақырыбы: Кітапхана.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, жаңа сөздерді өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін терендете түсу, оқушыларға дұрыс оқуды, сұрақтарға жауап бере білуді үйрету.
Тәрбиелік: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ойын элементтерін пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі. бейнетаспа, үнтаспа, компьютер, төл дыбыстар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Амандасу: Түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
Сынып әдемі безендірілген. Тақтаның сол жағында компьютер, оң жағында теледидар, тақтада
«Кітап - қымбат дос» деген сөйлем жазалған. Балаларға арналған кітаптардан көрме жасалған.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, оны өздерің де байқаған боларсыңдар.
Мына тақтаға қарайық, тақтадағы сөйлемді кім оқып, орыс тіліне аударады?
Спорт залы
-«Кітап – менің досың» - «Книга - твой друг» өте жақсы. Бүгін біз сабақта кітапханаға саяхатқа барамыз.
Кітапхана
Директордың бөлмесі
Информатика кабинеті
Орыс тілі кабинеті
- Кітапханаға барар алдында өзімізге бағыт таңдап алайық. компьютер мониторынан саяхат жоспары көрсетіледі.
- Осы бағытпен келісесіңдер ме?
- Иә, олай болса кітапханаға барайық.
- Міне, балалар орыс тілі кабинетіне келіп жеттік. Орыс тілі пінінің мұғалімі бізге мынадай сұрақтар дайындап қойыпты. Қане, балалар, сол тапсырманы орындап көрейік.
Осы кезде компьютер мониторынан мынадай тапсырма көрсетіледі.
- Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оны қазақ, орыс тілінде айтыңдар.
А).... – кеме.
Білім теңіз.(мектеп,-- школа)
Ә)....- білім бұлағы.
Білім – өмір шырағы.(кітап - книга)
Б).... да біл,
Ойна да күл.(оқы – читай)
Балалар жауаптарын береді
- Ал, балалар, спорт залына да келіп қалдық, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мынадай тапсырма дайындап қойды: компьютер мониторынан мынадай сұрақтар шығады.
1. 2Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Бәйге, көкпар, қыз қуу, ханталапай, т. б.
- Ал енді өздерің айтқан «Бәйге» ойынын ойнап жіберейік.
- Енді кітаптарыңдағы жаңа сөздермен тагысайық. Жаңа сөздермен 2 минут ішінде қай топ көп сөйлем құраса, сол топ жеңімпаз атанады.
- Өте жақсы, балалар, міне кітапханағада келіп жеттік. Қане, балалар, «Кітапхана» деген сөзге 5 жол өлең арнап жіберейік.
К І Т А П Х А Н А
Үлкен, жарық (қандай?)
Оқиды, кітап алады(не істейді?)
Дайындалады.
Оқушылар өз өлеңін оқиды.
- Балалар мына мәтінді оқып, орыс тіліне аударайық.
Енді, балалар, кітапханашы Алуаның бізге қоятын мынадай сауалдары бар. Компьютер мониторынан мынадай сұрақ қойылады.
«Қандай қазақ ертегілерін білесіңдер?»
-«Алдар көсе мен бай», «Қожанасыр мен қу жауырын», т, б
- Жақсы, балалар, енді мына жердегі көрмеден үзіліс кезінде қазақ ертегілерімен толығырақ танысасыңдар.
- Енді, балалар саяхатымызды аяқтаймыз. Сыныпқа қайтамыз.
- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Сабақта не үйрендік?, не істедік?
- Сабаққа бүгін бәрің атсалысып, белсенді қатыстыңдар,- деп балаларды берген жауаптарына қарай бағаладым.
Сабақты бекіту.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу, аудару, сөз жаттау.
Кітапхана
- karahash
- 14 наурыз 2014
- 6246
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі мен әдебиеті, кітапхана, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Х дыбысы мен әрпі 1 сынып, сабақ жоспары, (презентация)
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы...Мектеп туралы сабақ
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №1 мектеп - интернат қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильмажинова Гүлмира Каниевна...Х дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...Х дыбысы мен әрпі
Қарағанды облысы, Шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Байкенова Молдир Болатқызы...Сөйлем
Жаркөл бастауыш мектебінің мұғалімі Балтыкысгенова Гульзира Курметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.