Сайтқа кіру Тіркелу

Өлең, мен сені аялап өтем

Әдебиет пәні 7 сынып
Сабақтың тақырыбы:Тіл ұстарту. «Өлең, мен сені аялап өтем!»
Мақсаты: Ф.Оңғарсынованың шығармашылығынан мәлімет ала отырып, оның өлеңдерін талдау арқылы тіл дамытады.
Міндеттері: 1.Мазмұнға байланысты: - ақын өлеңдерінің тақырыбын, идеясын түсінеді, мәтінді мәнерлеп оқиды, әдеби теориялық талдау жасауға үйренеді.
2.СТО-ның дамытуға байланысты:
- өлең мәтіндерін толық талқылайды ақын ойы мен халық даналығын салыстырады, сөздік қорын, тіл байлығын дамытады.
3.Топпен жұмыс:
- өз ойларын айта алады, басқалардың жауабын тыңдайды, бірін-бірі оқытады, сұраққа жауап іздейді, қорытынды шығарады.
Көрнекілігі:Ф.Оңғарсынова портреті, тапсырмалар көрсетілген өлең мәтіндері жазылған слайдтар, бағалауға арналған кесте.
Пайдаланатын стратегиялар: «Ой қозғау», «Жигсо-I», Сезімнен шыққан өлең», «РАФТ», сатылай кешенді талдау(СКТ), ақын мен халық даналығын байланыстыру
Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Бағалау:
1.Топтағы қорытынды жауаптар
2.Жазба жұмыстар
3.Жеке оқушының жауабы, пікірі

Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау»стратегиясы.
Оқушылармен амандасып, назарын тақтаға аудару,сұрақ беру.
- Оқушылар берілген үзінді кімнің өміріне байланысты айтылған деп ойлайсыңдар?

... Менің туған кунім-25 желтоқсан, 1939 жыл. Жұлдыз қарайтындардың айтуы бойынша,мен Таутекемін. Жылым –қоян жылы менімен жарыса дүниеге келген қазақтың біраз азаматтары бар.

- Бұл Қазақстанның халық жазушысы, жерлес ақынымыздың өмірбаян беттерінен алынған жолдар. Оның есімін анықтау үшін келесі үзіндіге назар аударайық.

... Анам Халима көп сөйлеспейтін, аса ақылды, рухани қуатты ылғи мақалдап сөйлейтін, мүсіндей сұлу, қараторының әдемісі еді, Әкем Оңғарсын мен ес білмес бұрын бір күні ауырып, дүние салыпты. Еліне сыйлы ашық, жарқын адам деседі.

Бұл әдіс арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Мұғалім Ф.Оңғарсынова өмірі, шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасайды.

II. Оқушыларды 2 топқа бөлу. Бағалаушы топты анықтау, олардың міндетін түсіндіру.
1. «Жигсо-1» стратегиясы. Бөлінген топтың әрқайсысына ақын өлеңдері мәтіндерінен үзінділер беріледі. Оқушылар өлеңдері ретімен қиыстырып, түгел мәтінді оқиды. Әр топ өзіне берілген кесіндінің мазмұнын, мағынасын айтады. («Тақ пен тіл», «Өлең» өлеңдері кесіндіге бөлініп беріледі.)

2.«Ақын мен халық даналығы».
Әр топ ақының өлеңдерімен 3шумақ үзінді беріледі. Оқушылар оның мағынасын анықтап, мақал-мәтелдермен байланыстыруы қажет.Мысалы:

Қорлыққа төзіп, сынға да
Туған елінің ар туын
Басына тіккен ұл ғана
Ары бола алар халқының
1.Ер үмітін ер ақтар
2.Ер ел үшін туады,ел үшін өледі
3.Отан үшін отқа түс, күймейсің

3.Жеке оқушылар мен жұмыс.
Әр топқа екі оқушыға бір өлеңнен беріліп,оны сатылай кешенді талдау тапсырылды.Оны тақтаға шығып қорғайды.

Өлеңді сатылай кешенді талдау

1.Авторы
2.Тақырыбы
3.Идеясы
4.Жаныр түрі
5.Шумақ
6.Тармақ
7.Бунақ
8.Санақ
9.Ұйқас
10.Әдеби теориялық ұғымдар
11.Түсіндірме сөздік
12.Өлеңнің мазмұны

4 «Пікірталас»стратегиясы.
Үнтаспадан ақынның «Баланың ойы»өлеңі оқылды.Өлеңді айтылған ойды тақырып етіп алып,2топ мүшелері өз ойларын ортаға салды,нақты, мазмұны пікір айтқан топ ескерілді,бір-біріне сұрақ қоя да алады.

5.«Сезімнен шыққан өлең» стратегиясы
Алдынғы тапсырмаға негіз болған тақырып төңірегінде ақын өлеңдерінің алғашқы тармағы пайдалана отырып,өз сезімдерін білдіру.
1-топ ...Әкем - менің тәңірім,пайғамбарым,
2-топ ...Еркелесем,күлімдейтін

III Ой толғаныс
Туған күніңмен!
Туған күніңмен!
Мейірлі күніңмен,
Зейінді түріңмен,
Жастықтың құрдасындай,
Шаттықтың сырласындай,
Жарқылдап арамызда
Жүре бер күнде осылай!
РАФТ стратегиясы
Р-роль-оқушы
А-аудитория-Фариза
Ф-форма-құттықтау сөз
Т-тақырып -мерейтой

Бағалаушы топ өз бағасын беріп, сабақты қорытындылайды
Үй тапсырмасы. Ақынның бір өлеңін жатқа айту, прозалық шығармаларын оқу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: тіл ұстарту, Фариза, өлең
Ұқсас жаңалықтар:
Қабыш Жәркенов. Есім сабақ оқуды қалай үйренді?

Қабыш Жәркенов. Есім сабақ оқуды қалай үйренді?

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру....
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Карибаева Зауре Оразбайқызы...
А.Құнанбаев

А.Құнанбаев "Қыс"

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ұлы ақын Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, оқушылардың білімін көтеру;...
Т. Айбергенов  Аруана - бауыр дүние

Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние

Ақтөбе қаласы №18 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Икласова Нуржанат Кайратовна Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние» Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×