Сайтқа кіру Тіркелу

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қонақаева Жібек Балтақайқызы

Сабақтың тақырыбы:
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі.
Сыныбы: 9
Түрі: Ізденіс сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Білімділік мақсаты:
М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушы білімін тереңдету. Романдағы Абай бейнесін мәтін арқылы талдап жан-жақты ашу.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушы бойына азаматтық гуманистік қасиеттерді дарыту, сөз тереңдігін түсініп бағалай білуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушының өзіндік пікір жасау дағдыларын қалыптастырып, мәтінмен жұмыс жасау дағдысын, сөздік қорын, салыстыру, жинақтау әрекеттерін дамыту.
Жаңа технология түрлері:

1. Компьютерлік технология
2. Ақпараттық технология
3. Сыни тұрғысынан ойлау
4. Түсіндіре басқарып оза оқыту
5. Технологиялық карта
6. Эссе
7. Білім жүйесі

Әдіс-тәсілдер:

1. Шығармашылық
2. Іздендіру
3. Салыстыру
4.Анализ, синтез
5. Зерттеу
6. Коррекция
7. Тыңдап, түсіну

Көрнекіліктер:

1. Электронды оқулықтар
2. Бейне магнитофон
3. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы
4. «Абай» энциклопедиясы
Сабақтың өту жоспары:

І-кезең Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

ІІ-кезең Үй тапсырмасы

1. Сыр толғау. «Абай жолының» жазылу тарихы.
Оқушылардың шығармашылық ізденісі.

2. Ой толғау. Әлем әдебиеті эпопея хақында. Оқушылар эпопея туралы адамдар пікірін айтып, ақпараттық технологияны пайдалану.

3. Ұлылық үлгісі. Компьютерден эпопея туралы деректер алу. Оқушы пікірі мен ғылыми деректерді салыстыру.
4.Тест.

ІІІ-кезең Жаңа сабақ
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі.
1.Кіріспе сөз
а) «Абай жолы» эпопеясы туралы түсінік
ә) Оқушыларға сабақ барысында «Абай жолы» эпопеясындағы басты кейіпкерлерге салыстырмалы талдау картасын толтыру тапсырылады.

М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» тарауынан оқушы, ата-ана, мұғалімдердің қатысуымен Республикалық «Абай оқулары» поэзия күнінде Бөріліде түсірілген видеофильм бойынша кейіпкерлерге талдау жасау.

1. Бала Абай
2. Аналар бейнесі
3. Құнанбай
Абай, Ұлжан, Зере, Құнанбай
Туған жер. Ана. Әке.
Сағыныш. Мейірім. Қаталдық.

3.Кейіпкерлер галереясында жұмыс жасау.

М.Әуезов «Абай жолы»
1. Абай –Құлыншақ
Абайдың ел ісіне араласудағы алғашқы қадамы.

2. Абай - Сүйіндік
Борсаққа тиісті «Бөжей құдық жайын сұрау сапарында Абай жаңа қырынан танылды.
А) Шыңғыс, Орда, Қарауыл атаулары жайында сұрауы
ә) Бесқасқа атану себебін сұрауы
б)Тоғжанды алғаш көруі.

3. Тоғжан бейнесін осы сыныптың оқушысы Назарбаева Гауһардың мәнерлеп оқуында тыңдап түсіну арқылы көркемдегіш сөзге талдау.

4. Абай - Бөжей
Оқулық және электронды оқулық арқылы Бөжей асының суреттелуіндегі Абай.

5. «Абай - дана» эссе жазу.

ІҮ. Бекіту
1. Проблемалық сұрақтар
2. Салыстырмалы талдау картасы.
Характер портретін сомдаудағы автордың сөз байлығына, тіл шеберлігіне барлау.

Кейіпкер Оқушы пікірі

Ү. Қорытынды
Жинақтау, коррекциялық жұмыстар жүргізу.
Оқушы білімін бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.
«Абай жолы» эпопеясынан үзінді жаттау.
(103 бет. Камшат тағдыры)

Пайдаланған әдебиеттер:

1. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы
2. «Абай» энциклопедиясы
3. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
4. Бітібаева Қ.
А) Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы
ә) Әдебиетті оқыту әдістемесі
5. Электрондық оқулықтар.
6. Исабаев Б. «Ұлылар мекені»
7. Оразалин К. «Абай ауылына саяхат»
8. Әдебиет 9 сынып
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×