Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есімнен алған теориялық білімін тиянақтау.
Дамытушылық: Ақыл – ойларын, іскерлік белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы(әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар,
шығармашылық ізденіс).
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кесте, магнитті тақта, сызбалар, перфокарталар.
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушылардың сабаққа қатысымын, даярлығын тексеру
3. Көрнекі құралдарды дайындау.
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Қымбатты оқушылар, міне, бүгінгі сабақта біз сын есімнен өткенді қайталаймыз. Сабақтың мақсаты – сын есімнен алған теориялық білімдеріңді бекіту. Ендеше, тақтадағы күннің реті мен сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазыңдар.
Үш топ өздерінің аттарымен таныстырады.
І топ – «Алғырлар», ІІ топ – «Білімділер», ІІІ топ – «Зерек».
«Үздік мәтін» Шығармашылық саты
«Бүлдірген теру» ойыны Эвристикалық саты
Сен қалай ойлайсың? Алгоритмдік саты
Біліміңді байқап көр Оқушы деңгейімен жұмыс
ІІІ. Оқушы деңгейімен жұмыс.
Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсетіледі
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің жасалуы туралы айт?
3. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата?
(мысалдар келтіре отырып айтады)
ІҮ. Алгоритмдік саты.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ. Мына сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларын жаз.
Күшті, биік, қысқа, үлкен.
ІІ топ. Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін
бірнеше сын есім ойлап жаз.
Түрі, түсі:
Сыры, сипаты:
Аумағы, көлемі:
Дәмі, иісі:
Пішіні:
ІІІ топ. Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз.
Қысқа – қысқа, көк ала, ап – аласа, ал қара көк, шымқай қара, тәп – тәуір, сұп – сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі – ұсақты.
Жұрнақ арқылы:
Күшейткіш буын арқылы:
Сөз тіркесі арқылы:
Қосарлану арқылы:
Кітаппен жұмыс: 150 – жаттығу.
Ү. Эвристикалық саты.
«Бүлдірген теру» ойыны арқылы.
Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз
Өнерпаз.............(сөйлем)
Әуесқой...............(ой)
Түйінді................(шопан)
Таңдаулы............(адам)
Жасанды...........(бала)
Сөзшең................(торқа)
Басыңқы............(суретші)
Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін түсіндір.
а) Көкірегі сезім...., тілі орам....,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
ә) Ерін.... адамның ертеңі бітпес.
б) Қаб.... иттің тұмсығына тор кигізген.
Мына бос тор көздерді дұрыс толтыр.
1. Ешкімге еш нәрсесін бермейтін, беруге қимайтын адам.
2. «Тентек» сөзінің синонимі.
3. Заттың пішіні.
4. Заттың көлемі
5. Айтқанға сене алатын, еш нәрсені байыптап байқамайтын адам.
6. Малдың түсі.
7. «Ақ» сөзінің антонимі.
3 топқа үш тапсырма.
1. «Алғырлар» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса.
2. «Білімділер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
3. «Зерек» сөзіне лексика – грамматикалық талдау жаса.
ҮІ. Шығармашылық саты
І топ. Сын есімді қатыстырып «Әсем табиғат аясында» тақыры – бына ойтолғау жаз.
ІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Ардақты ана» тақырыбына ойтолғау жаз.
ІІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбына ойтолғау жаз.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. 155 – жаттығу
ІХ. Бағалау.
Сабақ балдық жүйемен бағаланады.
Сын есімнен өткенді қайталау
- klara66
- 12 ақпан 2014
- 7552
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сын есім өткенді қайталау, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...Тіл білімі салаларынан өткенді қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы №3 Алға қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбатыр Клара Рзағалиқызы...Сын есім 4-сынып
Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...Қарсы мәндес сөздер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...«Сын есімді қайталау»
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.