Сайтқа кіру Тіркелу

«Көнерген сөздер»

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін тексеру; көнерген сөздер бойынша
теориялық білімдерін практикада меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін
дамыту; тіл байлығын арттыру; сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, ұлттық салт - дәстүрді
бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: бекіту, жинақтау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: іздендіру, топтастыру, сұрақ - жауап, талдау
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, тірек сызбалар, үйлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жинақтау, бекіту
4. Сабақты қорытындылау
5. Білімдерін бағалау
6. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын сұрау
162 - жаттығу. Шешендік сөздер мен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірінен көнерген сөздерді тауып жазыңдар. Олар көнерген сөздің қай түріне жататынын анықтаңдар.
Ой шақыру
Тарихи сөздер
1) Ел басқаруға байланысты атаулар
2) Қару - жараққа қатысты атаулар
3) Әкімшілік сөздер
Архаизм сөздер
1) Мата атаулары
2) Әдет - ғұрып атаулары
3) Діни сөздер
4) Киім - кешек, ыдыс - аяқ атаулары
5) Жыл атаулары
6) Ай атаулары
Оқулықпен жұмыс.
(157 - жаттығу)
1 – топ: 3 сөзге сөйлем құрау
2 – топ: Фонетикалық талдау
3 – топ: Мәтіннен көнерген сөздерді табу
Бой сергіту
1. Көнерген сөзді тауып, түріне ажыратыңдар.
- Адамның, шөптің, құстың жаманын әкел дегенде, уәзірлерімнің алып келген жаманы еді.
2. Көнерген сөзді тауып, түріне ажыратыңдар.
- Кешке ханның екі баласы күзетке барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады.
3. Көнерген сөзді табыңдар
Сөйлей білген бір жақсы,
Істей білген он жақсы.
Тігілмеген ішіктен,
Қолыңда бар тон жақсы.
4. Көнерген сөздерді тауып, түріне ажыратыңдар.
Ақсуат би ауыл үстін ат тұяғы шаңдатады деп, ауылына аттылы кісіні түсірмейді екен.
5. Көнерген сөздерді тауып, түріне ажыратыңдар.
Біздің Байұлының барымтаға барған бір жігітін Әлімнің кісілері өлтіргелі үш жыл болды.
6. Көнерген сөзді табыңдар.
Бас аман болса, бөрік табылады.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
1. Көнерген сөздерге көркем әдебиеттен 5 сөйлем жазу
2. Суреттер топтамасындағы 28 - суретке қарай отырып, шағын әңгіме құрастыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тапқыр достар (зияткерлік ойыны)

Тапқыр достар (зияткерлік ойыны)

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3 ЖОББҚМ Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы...
Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)

Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)

Пән мұғалімі: Елшібай Ү. Ж. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лексика бойынша алған білімдерін дамыту арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөз...
Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сөзжасамнан өткенді қайталау

Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рүстемова Гүлмира Бегайдарқызы...
Cөз-мерген (сайыс)

Cөз-мерген (сайыс)

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...
Жаңа сөздер

Жаңа сөздер

Өтегенова Набия Төлегенқызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы Казталовка ОЖББМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×