Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлы елдің ұланымыз

Сыныбы 5,9

Тақырыбы: Ұлы елдің ұланымыз (оқырмандар конференциясы)
Мақсаты:Оқушыларға еліміздің ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, осы жылдарда жеткен жетістіктің айшықты боп көрінетін мейрамы екендігін ұғындыру.

Күй: «Көңіл толқыны»
-Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың,
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
-Салтанатпенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған.
Бақытым-Атамекенім,
Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
Сұңқарлар қанат талдырған.
-Берекелі елмін, құтты елмін.
Атты азат таңым-күткен күн.
Қазақстаным мекені-
Ынтымақ пенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің.
-Даламды Бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!

-Армысыздар қадірлі қонақтар, аяулы ұстаздар,оқушылар!
Тәуелсіздік мерекесінің 20жылдығына арналған «Ұлы елдің ұланымыз» тақырыбындағы оқырмандар конференциясына хош келдіңіздер! Бүгінгі күні оқушылар ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу жолындағы күрестері, баға жетпес ұғым тәуелсіздіктің жетістіктері туралы өз ойларын ортаға салады.

Еліміздің ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, осы жылдарда жеткен жетістіктің айшықты боп көрінетін мейрамы.Тәуелсіздік мерекесі әрбір қазақстандықтардың жүрегіне жақын келеді және тәуелсіздік еліміздің жарқын болашағына бастау болған бұл мерекелі күн еліміздің бүгінгі өркендеуі мен болашағының нық екендігіне сенім ұялатады.
Тарихта Тәуесіздікке жол ашқан желтоқсан оқиғасы, еліміздің егемендігі үшін алаңға шығып наразылық білдіргендердің ерлігі, тәуелсіздікке қосқан үлестері туралы оқушылардың ойын тыңдап көрейік
Желтоқсан оқиғасы туралы 9-сынып оқушылары Өтеболатова Айгүл мен Мусағалиева Айжан өздерінің дайындаған жұмыстары туралы айтады.

Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық және Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Ту, Елтаңба, Гимнді,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
(Мемлекеттік Рәміздер туралы 5а-сынып оқушылары Нұрсейіт Нұрсұлтан, Кенбаева Айзада, 11а-сынып оқушысы Законова Айгерім айтады).
Еліміз егемендік алғалы жылдан-жылға көркеюде, соның бір дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының астанасы-Астана XX ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Астана қаласы туралы 5а-сынып оқушысы Өтеғалиева Іңкәрдің ойын тыңдайық.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасырлар бойы армандап жеттік. Тәуелсіздіктің 20жылдығы тарихта өз ерекшеліктерімен қалады. Тәуелсіздік туралы 8-сынып оқушысы Зейнолла Гүлназ өз ойын ортаға салады.

Н.Назарбаев-әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы.
Міне, Қадірлі қонақтар, ардақты ұстаздар! Тәуелсіздіктің әр таңы, әр күні, әр айы тарихи мән маңызы айрықша, жауапты шешімдерге тола, Қазақ елінің жаңаша тарихын жаза бастады.
Еліміздің өткенін өреміз жеткенше жеткізуге тырыстық. Алайда өзгермес бір ақиқат бар. Ол-Қазақ жері, Қазақ елі бәріміз үшін де қасиетті мекен, қастерлі топырақ. Әрбір азамат оның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, ең бастысы-адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне, келешегін қорғай білгені абзал.
Келешек қандай болады? Ол мына Сіз бен бізге байланысты, Дегенмен өшірілмес өткеннің ішінде орны толмас ел тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызы ерекше.

Бірлігіміз бекем болсын!
Күй:«Балауса»
Көтеріп биік мінбеге,
Кеудеме сазды үн берген.
Көгіме нұрлы күн берген,
Айналдым алтын елімнен!
Жүзіме әсем әр берген,
Жаныма қуат нәр берген,
Жеріме жаңа түр берген,
Түр беріп жұпар гүл берген,
Айналдым азат елімнен!
Домбыра беріп қолыма,
Жөн сілтеп түзу жолыма,
Әділдік, арды қорғаған,
Айналдым туған жерімнен

-Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған бабамның арманы сенсің, Тәуелсіз Отаным!
- Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры-сенсің, Қазақстан!
-Келешекке сенімім, ұрпағыңның арманы сенсің- Қазақстан
«Тәуелсіздіктің 20жылдық тойы-той тойлау үшін емес, тәуелсіздіктен тағылым алу үшін керек» деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, бүгінгі ұйымдастырған «Ұлы елдің ұланымыз» тақырыбындағы оқырмандар конференциясы -Тәуелсіздік тойына қосқан өз үлесіміз.
- Қадірлі қонақтар, берекелі бірлігіміздің мерейі үстем болсын!
Еліміздің егемендігі жасай берсін!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ұлы, елдің, ұланымыз
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, Сан армандар іске асты ойыңдағы. Терезесі тең елдер қатарында Салтанатпен өтуде тойың - дағы....
Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...
Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру...
Тәуелсіз елдің ұланымыз

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Мақсаты: Балалардың бойына тәуелсіздік күні туралы түсіндіру. Отан, Рәміздер, Елбасы, ұлтының қазақ, Қазақстан елінде тұратынын білуге үйрету. Жеке...
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×