Сабақтың тақырыбы: Қазақстан рәміздерінің тарихынан.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан рәміздерінің тарихымен таныстыру, сөйлем түрлерімен танысу, модуль бойынша алған білімін бекіту.
Міндеттері:
1. Білімдік: Қазақ тілінің сөздері мен сөйлем тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білу.
2. Дамытушылық: Жаңа сөздермен танысу арқылы тіл дамыту, диалог құра білуге үйрету. Тақырып бойынша сөйлесе білу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды елжандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Топтық, жұптық жұмысқа баулу.
Сабақтың түрі: Жинақтау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық қондырғы, рәміздердің суреттері, үлестірмелі дидактикалық қағаздар, тест, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, түгендеу
б) Сабақтың барысымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздік диктант: Қазақстан рәміздері, әнұран, елтаңба, ту, көк түсті, алтын күн, ою – өрнек, қыран құс, жұлдыз, шаңырақ, қанатты пырақтар.
- Оқушылар диктантты жазады
- Компьютерде сол сөздердің аудармасын тауып, тексереді
- 5 сөзге сөйлем құрайды.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөйлесу бөлімі. Рәміздер тарихы бойынша әңгіме.
1 - ші ту Иран (Персия) елінде табылған.
Алғашқы әнұран Грецияда пайда болған. 17 ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған.
Қазақстан рәміздері туралы әңгімелеу.
IV. Мәтінмен жұмыс
а) Сөздік жұмысы. Сөздерді дәптерге жазу, сөз тіркестерін құру.
б) Мәтінді оқу, аудару.
V. «Қазақстан рәміздері» атты бейнефильм көру. Бейнефильм туралы ойтолғау жазу.
VІ. в) «Трексөз» - тәсілі
Топ 4 бөлінеді.
Компьютердегі торға оқушылар мәтіннен трексөздер жазады. 5 минуттан кейін ең көп трексөздер жазған топ анықталады. Мысалы:
Қазақстан, рәміздері, ту, елтаңба, әнұран, геральдика, шаңырақ, қанатты пырақ, күн, қыран, құс.
VІІ. Араластырылған мәтінді айырып, жазу, тақтамен жұмыс.
Ту, Елтаңба, әнұран – бұлар мемлекеттік рәміздер деп аталады.
Менің туып өскен жерім – Қазақстан.
Еліміздің жер көлемі ұлан байтақ.
Ту ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Біздің мемлекетіміздің туының түсі – көк.
Осы жерден Ұлы жібек жолы басталады.
Әнұранның авторы Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
VІІІ. 1, 2, 1 Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аудару.
Ең алғаш – самый первый
Көне ту – древний флаг
Латын тілі – латинский язык
Геральдика ілімі зерттейді – изучает науку геральдика
Туымыздың түсі – цвет флага
Көк түс – голубой цвет
Жоғары баға берген – дали высокую оценку
Күн бейнесі – изображение солнца
Ою – өрнек – орнамент.
ІХ. Бекіту: Сұрақтарға мәтінді пайдаланып жауап беру. 10 сұрақты тест орындау.
Х. Бағалау.
ХІ. Үй тапсырмасы:
Көп нүктенің орнына бастауышты қойып жазу.
Қазақстан рәміздерінің тарихынан
- бағдатовна
- 8 қаңтар 2014
- 5963
- 0
- 0
Ілмек сөздер: рәміз, ту, елтаңба, Қазақстан рәміздерінің тарихынан
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекеттік Елтаңба
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы «№2 Лицей» КММ орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Оспанбай Талғат Оспанбайұлы...Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып
1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент Б) Әнұран, ту, гимн Ә) Әнұран, елтаңба, ту 2) Елтаңбаның авторлары? А) Шәмші...Мемлекеттік рәміздер тарихы
Атырау облысы, Атырау қаласы № 23 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Бозжигитова Ляззат Конакбаевна Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы....Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досмаганбетова Жумакул Абсаматовна...Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні. Септік жалғаулары
Павлодар қаласы, "№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені" ММ бастауыш сынып мұғалімі: Смаилова Ә. Ә....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.