Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесінен үзінді
Сабақтың тақырыбы “Түбінде адам болатын бала”
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
Дамытушылық Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік а) Сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
ә) Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе қағаздар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, топтап тапсырма беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушыларды түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Мынау кім?
2) Қай сәт бейнеленген?
ІІІ. Жаңа сабақ: “Түбінде адам болатын бала”
1) Қожа мен Жантас бейнесі
2) Білген сайын келеді біле бергім
ІV. Сабақты бекіту
(Не үйрендім, не білдім?)
V. Сабақты қорытындылау
(Бақытты балалық шақ)
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
“Мынау кім?” Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш
Жантас
Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.
Қожа
Біз екеуміз таныс шығармыз деймін
Майқанова апай
Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңгесі емес, бақандай бір қарасы жүр.
Сәйбек қарт
Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен - ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер...........................
Сұлтан
Қай сәт бейнеленген?
1. “Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. Ох, шіркін - ай!
2. “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”
3. “Маңдайдан буым бұрқырап есік алдына шықтым. Сәйбек ата көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын.
“Не деп шешер екен? Мектептен шынымен - ақ шығара ма?”
Жаңа сабақ
Қожа мен Жантас бейнелеріне талдау
1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
3. “Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.” Қожа қандай бала?
4. “Қысқы кешті” жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?
5. “Қысқы кешті” жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
6. - Қара Көже мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?
7. - Бұл кім?
- Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
- Мұнда неғып отырсың?
- Педсоветке келдім.
- Онда сенің не шаруаң бар?
- Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
- Сені мұғалім етеміз дей ме?
- Директор етеміз дейді.
Қожа қандай бала?
8. – Мама! Сен жылап жатырмысың? Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! – деп, Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жіберді. Қожа қандай бала?
9. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне - өзі серт беруі оның қандай бала екендігін көрсетеді?
Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
ҚАУЛЫ
Қадыров Қожаның жеке бас тәртібіне байланысты мәселені талқылай кеп, құпия кеңес мынадай қаулы алады:
Бірінші. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетеді екен. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да алмай қоюы мүмкін. Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек. Ол үшін:
а) Бұдан былай ешкімге тиіспей жайыма жүремін. Досым болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
Ескерту. Егер тиісуші мен болмай, оған: “Аулақ жүр. Жақсылық көрмейсің” деген тәрізді ескертпелер жасауым керек. Онда да тыңдамай баса көктеп келе жатса, мұндай жағдайда, қажет деп тапсам, қол да жұмсау арқылы қорғануға еріктімін деп санаймын.
ә) Осыдан былай ешқандай тәртіпсіз, тұрпайы сөзді аузыма алмаймын. Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрам.
Екінші. Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:
а) Егер біреуге өзім тиісіп шатассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.
ә) Біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда ешқандай қия басып шықпаймын, үйде отырамын. Яғни өзімді - өзім үйге қамаймын деген сөз.
б) Сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан мұғалімнен ескерту еститін болсам, ол жолғы үзілісте тысқа шықпай, орнымда отырамын.
в) Егер біреу - міреудің лақ - қозысы, тауық, қазы, иті біздің үйдің маңына жолап кетсе, аямай таспен ұрып қуалайтын жыным бар. Алмастың қызыл қоразын сөйтіп өлтіріп қойдым. Бұным да жарамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой. Ендігәрі бұндай қылықтарым қайталанса, екі рет жүгіріп барып келем.
Үшінші. Сұлтанмен достық қарым - қатынасым бұдан былай үзіледі. Ол екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды. О дүниедегі қызыл ошақ жайына келетін болсақ,... Мені дозақ оты да сескендіре алмайды.
Төртінші.. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін:
а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын.
Бесінші. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме - өзім есеп беріп, жақсы - жаман қылықтарымды осы дәптерге жазып отырамын. Осы айтылғандарды жүзеге асыру – мен үшін ұлы сын.
Сергіту сәті
1.“Менің атым Қожаның” авторы.
2. Зоология пәнінің мұғалімі.
3. Сынып жетекшісі.
4. Қожа жаттамай келетін өлең.
5. Қожаның досы.
6. Қожаның анасы.
7. Жанар жаттаудан алған бағасының орысша атауы
Қожа – Нұрлан Санжар, “Қазақфильм” ұлттық компаниясының телевизиялық фильмдер бірлестігінің редакторы, кинодраматург
Сабақты қорытындылау
Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен дүниежүзілік фестивальда қазақ киносында тұңғыш халықаралық жүлдеге ие болды. 2000 жылы ЮНЕСКО әлемдік киноның жүз жылдығында фильмнің бір эпизодын алып, одан пошта маркасын жасап шығарды. Бұл қазақ киносының орасан зор жеңісі.
Үйге тапсырма
Балалар, біз Қожамен қоштаспаймыз.
Қожаның басынан өткен оқиғалары сіздерде де болды ма? “Балалық шақ” тақырыбында шығарма жазу. Ашылмай қалған бір бейне бар. Ол кім? Тауып, талдап келу
“Менің атым Қожа” повесінен үзінді
- Фариш
- 3 қаңтар 2014
- 23446
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің атым Қожа повесінен үзінді, Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары
Ұқсас жаңалықтар:
Менің атым Қожа
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Повесть кейіпкерлеріне мінездеме беру, проблемалық сұрақтар арқылы повестің негізгі идеясын ашу. 2. Дамытушылық:...Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа”
Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға қалыптастыру. Оқушыларды оқыта отырып, көркемдеп еркін сөйлеуге қабілетін дамыту....Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
№101 орта мектеп мұғалімі Молдағажиева Сауле Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»...Менің атым - Қожа
Мақсаты: білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. дамытушылық:...Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі
Онды орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.