Сайтқа кіру Тіркелу

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету;
Ә) Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;
Б) Тәрбиелік: Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді пысықтау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, ойлау, дәлелдеу.
Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшілермен сұхбаттасу.
3. Сыныпты екі топқа бөлу.

Сабақтың жоспары:
I. Қайталау - білім анасы.
II. Ой қозғау.
III. Сергіту сәті.
IY. Кім жылдам?
Y. Тапқырлар.
YI. Семантикалық картамен жұмыс.
YII. Шағын тест.
YIII. Венн диаграммасы
IX. Қорытындылау.
X. Үйге тапсырма.
ХІ. Бағалау.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай
салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
1. Ыңғайлас салалас
2. Қарсылықты салалас
3. Түсіндрмелі салалас
4. Талғаулы салалас
5. Себеп - салдар салалас
6. Кезектес салалас

І. Қайталау - білім анасы
1. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
2. Жай сөйлем дегеніміз не?
3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
6. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?
7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?
8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
9. Талғаулы салалас дегеніміз не?
10. Кезектес салалас дегеніміз не?

ІІ. Ой қозғау.
Эпиграф:
“Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
Абай
Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.
Алғырлар:
Кез келген адамның қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша,...

Білімпаздар:
Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

ІІІ. Сергіту сәті.
Эпиграф:
“Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.»
Абай
Өмірлік ұстанымыңды анықта:
Алғырлар:
Қарсылықты салалас:
Ғалым болу - міндет емес,…
Білімпаздар:
Себеп - салдар салалас:
Біз қазақ тілін дамытуымыз керек,
себебі…
Эпиграф:
“Білгенге маржан, білмеске арзан.»
Абай

ІV. Кім жылдам?
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.
Көз – қорқақ, қол – батыр.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.
Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.

V. Мақал - сөз мәйегі
Эпиграф:
“Соңғыларға сөзің мен ісің қалсын”
Абай
Алғырлар:
1. Жалғыздың үні шықпас,.................. (жаяудың шаңы шықпас).
2. Қоянды қамыс өлтіреді,................... (жігітті намыс өлтіреді).
3. Жақсы жаныңа жолдас,............................ (жаман малыңа жолдас).
Білімпаздар:
1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,... (төртеу түгел болса төдегі келеді).
2. Өнерлінің қолы алтын,.......................... (өлеңшінің сөзі алтын).
3. Ат жаманы жолда қалдырар,............ (жолдас жаманы қолда қалдырар).

VI. Семантикалық карта
VII. Тест жұмысы.
VIII. Венн диаграммасы
IX. Қорытынды:
ТОПТАСТЫРУ

X. Үй тапсырмасы:
1. 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
2. Көркем шығармадан салаластың түрлеріне екі сөйлемнен жазып келу
XI. Оқушылар білімін бағалау парағы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×