Сайтқа кіру Тіркелу

Ата - анаңның парызын өтеу сенің қарызың

Сабақтың тақырыбы: Ата - анаңның парызын өтеу - сенің қарызың
Сабақтың мақсаты:
Ауызеку тілде еркін сөйлеп, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.
Міндеті:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету
Тәрбиелік: Отан - отбасынан басталады демекші, отбасындағы тәрбиені нығайту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман, компьютер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларын таратамын
Оқушыларды санау арқылы, әділ тәсілмен 3 топқа бөлдім.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Үлестірмелі қағаздар таратамын
2.Эмоциялық күй келтіру (Сұрақ - жауап арқылы)
- Кімді сүйесіңдер?
- Неге сүйесіңдер?
- Жақсы көресің делік, олар үшін не істей аласыңдар?
- Кімнің алдында қарызсыңдар?
- Неліктен деп ойлайсыңдар
3. Топпен жұмыс
Сыныпты яғни 12 оқушыны 3 топқа бөліп, отырғызамын. Жаңағы айтылып кеткен сұрақтарды негізге ала отырып, плакат жасау керекті құрал - жабдықтарын таратып, бірден репортер, төраға, хатшы, уақыт төрешісін өз топтарында тағайындату. Тақтада алдын - ала даярланған бағалау парақтары ілініп тұрады, мұғалім әр жұмыс сайын бағалап отырады.
Қорғаған плакаттарынан сабақ тақырыбына негіз болатын сөздерді алып шығу керек.
М: ата, ана, парыз, сен, қарыз
Сонымен сабақтың тақырыбын құрастыру.
3. Жұппен жұмыс
Әр топқа мәтіндер таратылады
1топ «Ата - ананың бала алдында парызы»
2 топ «Баланың ата - ана алдында қарызы»
3 топ «Ата - ана, баланың қоғам алдында парызы»
Оқып болған соң, топтар бір - бірінің тақырыптарын түсіндіреді.
Сергіту сәті
4. Проблемалық сұрақтар
1 топ
А) Дария Сәбитқызы 75 жаста
Қартайған шағында қолы дірілдеп, алдына қойған тамағын, шайын төгіп - шашып ішеді. Үйіндегі жандар оған көмек бере алмады.
Сендер не істер едіңдер?
Ә) Марат Мұратұлы - 11 жаста
Анасы – сатушы. Біреудің жалғыз баласы, ерке. Анасының күні бойы жұмыста екенін басынып, күнде компьютерден ойын ойнайды. Басқа нәрседе жұмысы жоқ.
Не істер едіңдер?
(ақыл - кеңес сұраймыз)
Б)......
«Көз» туралы видео роликті көрсету
5. Жаттығулармен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар таратамын
Рефлексия
(стикер таратамын)
- Не білдім?
- Қай тапсырмаларда қиыншылықтар болды?
- Не ұнады?
Бағалау. (формативтік бағадан сумативтік бағасын шығару)
Үйге тапсырма:
Бүгінгі мәліметтерді пайдаланып, тақырыпқа байланысты эссе жазу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша білімдерін пысықтау. 2. Дамытушылық: Оқушының...
Абайдың мұражай-үйі

Абайдың мұражай-үйі

Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...
Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі...
Менің отбасындағы міндеттерім. Сабақтас құрмалас сөйлем

Менің отбасындағы міндеттерім. Сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×