Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасымен қызметін меңгерту.
Дамытушылық: Сөйлеу барысында етістіктерді мағынасына сай дұрыс жасай білу дағдысын дамыту.
Сабақтың типі: Қайталау, бекіту.
Сабақтың түрі: Саяхат.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері, суреттер, карточкалар, кодоскоп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сынып оқушыларын түгелдеу.
Ә) үй тапсырмасының орындалуын бақылау.

ІІ. Ой ашар:
1. Сұрақ - жауап әдісі: «Орамал тастау» ойыны:
Заттың атын білдіретін сөзді...
Заттың сынын білдіретін сөзді...
Заттың қимылын білдіретін сөзді...
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік»
Сабағымыздың негізгі мақсаты: етістік түрлеріне берілген ұғымды кеңейту. Етістіктің түрлерін, оның қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын білу.
2. Суретпен жұмыс:
А) сурет бойынша 3 топқа сөйлем құратып етістікті табу. (Тақтада орындау)

ІІІ. Қызығушылығын арттыру:
«Ертегілер еліне саяхат» 7лақ ертегісін қолдану.
1 - Тапсырма. 3 топқа 3 лақ тапсырма береді.
І - топ. №381
ІІ - топ. №383
ІІІ - топ №387
Тексеру
2 - тапсырма. 3 топқа 3 лақ тапсырма береді.
(Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып жаз. Оның етістіктің қай түрі екенін айт).
І - топ. --------------------------------ІІ - топ.
Құр береке ермекке ---------------Таза ауада ойна,
Бос бесікті... ------------------------Сыпырғышты тұрғызып...
Тұзды баспа, ------------------------Құдыққа түкірме,
Шоқты... ------------------------------Үйге қарай...
ІІІ - топ
Сенде ақыл көп пе?
Таңдайыңды...
Күнмен таласып жатпа,
Аққуды...
Көп нүктенің орнына қойылған сөздер, етістіктің қай түріне жатады.
- Бұл тапсырма қандай сөздер?
- Тыйым сөздер.
- Қай пәннен оқып үйрендік?
- Ата дәстүрден.
7 - ші лақ мынадай тапсырма береді.
(Мәтінде көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып жаз. Бастауыш пен баяндауышты тап. Мәтінге ат қой.)
Қыста
Қыста адамдар жылы.... Мал қорада.... Адамдар үй маңындағы қарды.... Ол қарды ағаш түбіне.... Балалар шаңғы.... Олар қардан аққала....
Керекті сөздер: киінеді, тұрады, күрейді, үйеді, тебеді, жасайды.
Тапсырманы тексеру.
Сонымен 7 лақтың тапсырмасын толық орындадық. Енді зұлым қасқыр не дейді екен. Балаларр сендер бүгін сабақта не білдіңдер? Мен соны сұраймын дейді.

Рефлекция
1. Етістік дегеніміз не?
2. Қандай сұраққа жауап береді?
3. Ол қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
4. Етістіктің түрлерін ата.
Негізгі етістік туынды етістік Дара етістік
күрделі етістік болымды етістік Болымсыз етістік
Берілген тапсырмаларды толық орындап 7 лақты анасына аман - есен қостық. Сіздерге көп - көп рахмет!

Үйге тапсырма беру: Мәтінді көшіріп жаз. Сөйлем мүшесіне талда.
Оқушы білімін бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×