Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сан есім және оның сұрақтарымен таныстыру. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір - бірінен ажырата отырып сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындау үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мейрімділікке, халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегі суреттері, таблица, карточкалар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушы назарын сабаққа аудару.
Ә) Біздің ұранымыз.
Ұлт тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені. Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушыларымыздың тілі - туған тіліміз - Қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
« Сын есім».
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Онның жартысы
2. 6 ондық
3. жоқ сан
4. Қасиетті сан
5. 100 - ден оны кем сан
6. Бірліктің ең кішісі
7. Төрт орынды сан
Сонымен бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Сан есім
Жаңа өздерің айтып өткен осы 7 қасиетті санына байланысты 7 лақ ертегісі бойынша өтеміз.
IV. Ой қозғау.
№1 - лақ
А) 7 саны туралы не білесің?
- 7 лақ, 7қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 жұп т. б
Б) Әр топқа 7 киелі санға тоқтаймыз.
1 - топ
1) Әке
2) Бала
3) Немере
4) Шөбере
5) Шөпшек
6) Немене
7) Туажат
2 - топ
1) Құрғақшылық
2) Жұт
3) Өрт
4) Оба
5) Соғыс
6) Топан су
7) Зіл зала
3 топ
1) Ер жігіт
2) Сұлу әйел
3) Ақыл, білім
4) Жүйрік ат
5) Берен мылтық
6) Құлмай тазы
7) Қыран бүркіт
7 ата 7 жұт 7 қазына
1. Біздің сыныпта............................. оқушы бар.
2. Біз ұшінші сыныпта оқимыз.
3. Мен сабақтан...................... алдым.
№2 - лақ сұраққа жауап.
Балалар осы көп нүктенің орнына қойған сөздерге ( сұрақ қойыңдар ) қандай сұрақ қойылады.
Қанша? Неше? Нешінші?
Олай болса бұл сөздер қай сөз табына жатады?
Сан есім
Біз « сан есімді» қатыстыру арқылы не білдік?
Заттың санын, орналасу ретін білдік.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім
Есептік
Реттік
№3 - лақ
А) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс С с Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс
Ә) Оқулықпен жұмыс
403 - жаттығу ( ауызша орындау )
1 топқа 404 - жаттығу
2 топқа 406 - жаттығу
3топқа 4 - жаттығу
№4 лақ
Сөздік диктант ( сан есімді табу )
Төрт аяқтап жүрсе де,
Тіршілікте бір озбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Кәжекейі тозбаған. ( тасбақа )
№5 - лақ 405 - жаттығу
Сергіту сәті.
№6 - лақ. Ойын « өз орнын тап».
Орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құра.
1 - топ Мұрат бес алды әдемі қалам
2 - топ Асанның лағы сүйкімді екі бар
3 - топ Болат оқиды сыныпта екінші
№7 - лақ. Қорыту.
Бүгін сабақта не білдіңдер?
Сан есім
Есептік Қанща? неше? нешеу?
Реттік Нешінші?
Қосымша сұрақ қою.
Қасқыр: Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Мен сіздерге рахмет айта айта отырып лақтарды өздеріңе қалдырамын.
Мұғалім:
1. 7 лақты аман сау анасына қостық.
2. Ән: «Ертегілер».
3. Бүгінгі сабақ ұнады ма, балалар?
Үйге тапсырма: Ереже жаттау.
Бағалау.
Сан есім
- Элеонора61
- 20 мам 2013
- 8319
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, сан есім, есептік, реттік
Ұқсас жаңалықтар:
Сөйлем
Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету....Зат есім
...Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізу
Ақтөбе қаласы №32 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға..."Сөз таптары"
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.