Сайтқа кіру Тіркелу

Жануарлар әлеміне саяхат

Тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Жануарлар әлемінде» модулі бойынша өткен сабақтарды қайталау. Үй жануарлар, аңдар, құстар, балықтар туралы түсініктерін, оларды осы тақырыпқа қатысты сөздік қорларын молайту.
2. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту, білімге деген құштарлықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту
Сабақ типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер, қосымша оқулық, ағаш, қоржын, сыйлықтар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Қалдарын қалай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Бүгін қай жыл мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Сәуірдің нешесі?
- Аптаның қай күні?
Экраннан әртүрлі жануарлар туралы түсірілген мультфильмдер топтамасы көрсетіледі.
- Балалар, мынау қандай жануар?- деген сұрақтар қойылады.
Көрсетілген мульфильмдегі кейіпкерлерді не деп атаймыз?
Оқушылар: Жануарлар.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Балалар, біз бүгін сабағымызда «Жануарлар әлеміне» саяхат жасаймыз. Ол үшін мына кедергілерден сәтті өтуіміз керек. Жолда кездескен аңдардың барлық тапсырмасын орындауымыз керек. Саяхат сонда қызықты да, сәтті өтеді. Ендеше Жануарлар әлеміне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
Оқушылар: иә, дайынбыз.
- Ал, онда бастайық!

1. Балалар мынау не? Аю. Аюдың сендерге тапсырмасы бар сияқты орындаймыз ба? Сөздік жұмысы (Экраннан көрсетілген жануарларды оқушылар ауызша бір - бірден атайды) «Пойыз» ойыны
2.- Балалар, мынау не? Ағаш. Ағашта не деп жазылып тұр оқиықшы. Қандай? Неше? деген сұрақ ілініп тұр екен. Қане мына тапсырмаларды шырша бізге беріп тұрған сияқты. Қане бірінші партадан бастап алайық:
Белый козленок, три поросенка, красивый верблюжонок, пять лошадей, три коровы, белый медведь, черная коза, красный петух, белая утка, три свиньи.
3. Ой, балалар! Мынаны қараңдар. Төлдер аналарынан адасып қалыпты. Аналарын тауып берейік. (Тақтада үй жануарлары суреттері ілінеді. Төлдерін қасына апарып қою)
Сиыр - қозы
Ешкі - бұзау
Түйе - лақ
Қой - құлын
Жылқы - бота
4. Балалар, бізге түлкі келіпті. Өз тапсырмасында жіберілген әріптерді толтыру керек екен. Дәптермен жұмыс. Тақтаға жазып, тексеру.
П.. л,
м... ймыл,
т.. лкі, жолбар.. с,
к.. рпі,
ти.. н,
қ... сқыр,
қ.. ян.
5. Түйе келді қоржын асып. Қане, кім сұрақтарына жауап берсе, сол тәттіден дәм татады. Дайынбыз ба?
1. Менің мысығым бар. Оны аты – Мурзилка. Мен оны жақсы көрем.

2. Саматтың кішкентай күшігі бар. Аты - Тузик. Самат күшігін жақсы көреді.

3. Үй жануарлары: сиыр, ешкі, қой, жылқы, түйе. Сиырдың бұзауы бар. Ешкінің лағы бар. Қойдың қозысы бар. Түйенің ботасы бар.

4. Қоян
Ақ қоян. Ақ қоян үйде жүр.

5. Аю. Ақ аю. Ақ аю мұзда жүр.

6. Құстар. Үй құстары. Тауық, үйрек - үй құстары. Үй құстары пайдалы.

7.- Мынау не?
- Бұл - хайуанаттар бағы.
- Хайуанаттар бағында не бар?
- Хайуанаттар бағында жолбарыс, арыстан, маймыл, түлкі, аю, қоян, қақыр, керік бар.

8. Ит. Итім бар. Менің итім бар. Менің үлкен итім бар.
6. Сергіту сәті «Қаздар ұшып барады» ойыны
7. Қоян тапсырмасы. Сандарды сөйлет ойыны. Экранда көрсетілген сандар мен құстарды, балықтарды атау. 3 қарлығаш, 5 тотықұс, 8 қарға, 10 тырна, 7 табан, 4 жайын, 15 сазан, 11 шортан т. с. с.
8. «Түймедақ» ойыны. Берілген жапырақтардан сөйлем құрастыру. (ауызша және жазбаша). Менің ақ күшігім бар. Менің үлкен қозым бар. Сенің қара лағың бар. Сенің кішкентай торайың бар.
9. Қасқыр тапсырмасы: Екі конверттен екі топ бір - біріне сөз жасырады. Оны қимылмен не, дыбыспен келтіру керек.(Қасқыр, әтеш, ит), (тотықұс, аю, мысық)
10. Арыстанның тапсырмасы. Скандворд шешу
1. Змея
2. Медведь
3. Белка
4. Звери
5. Волк
6. Лев
7. Обезьяна
8. Воробей
9. Щука
V Бекіту: Балалар, қандай сөз шықты? Иә, жануарлар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
1. Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?
2. Онда нелер бар?
3. Аңдар қандай?
4. Сендерге сабақ ұнады ма?
VБағалау: (Әр тапсырма сайын берілген жетондар арқылы, жетондарды оқушылардың өздеріне қазақша санату арқылы бағалау.)
VI Үй тапсырмасын беру:
1. 181б. 3 - тапсырма Достар оқу
VIII Қорытындылау:
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×