Сабақтың тақырыбы: Көктем әлемге саяхат. 4 - сынып.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың “Көктем” тақырыбына байланысты алған білімдерін жинақтап, сөздік қорын байыту; сөздің фонетикалық талдауын, жуан, жіңішке буындарды айыра алуын, оларды дұрыс, оның айтуын талап ету.
Дамытушылық:
2. Тіл дамыту; ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру; сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту, дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты сүю, ойлай білуді үйрету.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, фонетикалық талдау, сөйлеу.
Көрнекі құралдар: сүреттер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру алдында жұмбақ беріледі.
Қар еріп су ағады.
Сарқырап, сайға толады,
Күн ұзарып, жымиды.
Бұл қай кезде болады?
Жұмбақты шешкен соң сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
- Балалар, көзімізді жұмып, ұнтаспаны мұқият тыңдайық.
2 минуттай Чайковскийдің «Жыл мезгілі - көктем» шығармасы тыңдалады.
- Кім айтады? Бұл кімнің шығармасы? Қалай аталады?
- «Весна» - көктем.
- Бұл, балалар Чайковскийдің шығармасы.
- Балалар, саяхатқа дайынсыңдар ма?
Ендеше мына автобусқа отырамыз.
II. Сөздік жұмысы.
- Бірінші аялдамамыз «Сөздік алқабы»
Оқушылар «көктем» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды (хормен, бір - бірден). Көктем, наурыз, сәуір, мамыр, жылы, ұшып келді, көңілді, күміс жаңбыр, мөлдір.
(осы сөздермен балалар сөз тіркестер, сөйлем құрастырып сөйлемдерді ауызша айтады).
III. Сұрақ - жауап жұмысы.
- Саяхатымызды жалғастырамыз. Автобус әңгімелеу төбесіне келіп қалды.
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айлары қандай?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қар еріп тұр ма?
- Не ұшып келеді?
IV. Екеуара сөйлесу.
Балалар, біздің автобус «Гүл дүкеніне» жақындап қалыпты. Бұл кезеңде оқушылар жұппен жұмыс істейді. Олар сүретке қарап көктемгі гүлдер туралы әңгімелеседі (тірек - сызба).
1 - оқушы – Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады?
2 - оқушы – Көктемде ең бірінші бәйшешек шығады.
1 - оқушы – Тағы қандай гүлдерді білесің?
2 - оқушы – Қызғалдақ, бақбақ, раушангүл.
V. Фонетикалық талдау.
- Келесі аялдама – «Фонетика тауы» Оқушыларға сүреттер беріледі, сонан соң олар сүреттің астына сөзді жазып, оны буынға бөліп, фонетикалық талдауын жасайды, көктем, қар, құстар, күн.
VI. Сергіту сәті.
Көктем қандай тамаша
Көктен жаңбыр төгілді
Кел, балалар, әнменен,
Қарсы алайың көктемді
«Көктем келді» әнін тыңдау.
VII. Мақал - мәтел, өлең айту.
Біз «мақал - мәтел, өлең» аулына келдік.
Бұл ауылдың тұрғындары көктем туралы мақал, өлең жақсы біледі екен. Біз де білеміз ғой, иә? Оқушылар көктем тақырыбына өлең, «мақал - мәтел» айтады.
1. Көктем қандай көңілді, 2. Келіп көктем құстары,
Күміс жаңбыр төгілді. Бау - бақшада ән салды.
Мөлдір аспан ашылып, Оларды жас достары,
Күннің көзі көрінді. Ұя жасап, қарсы алды.
3. Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қар түлеп.
Мақал - мәтелдер: Өлең сөздің патшасы
Жердің сәні – егін
Елдің сәні – білім
VIII. Жазба жұмыс
Автобус «Орфография» мұражайына келіп тоқтады. Мұражайдың қызметкерлері бізге мынадай тапсырма дайындап қойыпты.
1. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс жазу керек:
Көктем айлары: наурыз,............, мамыр
Көктемде күн...............
Құстар...............
22 наурыз...............
2. Жуан, жіңішке буынды сөздерді дұрыс ажырата білу.
Жуан буынды сөздер Жіңішке буынды сөздер
Айлар, көктем, наурыз, сәуір, мамыр, күн
IX. Саяхат аяқталып келеді.
Соңғы аялдама «Құттықтау алаңы». Оқушылар көктемгі мерекелерді атап, қонақтарды құттықтайды.
Тірек – сызба
X. Сабақты бекіту.
Оқушылармен бірге сабақта жасалған жұмыстарды қорыту.
Оқушылардың еңбектерін бағалау.
XI. Үйге тапсырма: «Көктем» туралы әңгіме айту.
Көктемгі әлемге саяхат
- Бахытжамал
- 4 сәуір 2013
- 11001
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көктемгі әлемге саяхат, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Көктем жыры
Сабақтың мақсаттары: а) білімділік: өлең мәтіні негізінде оқушыларды туған жер табиғатымен таныстырып, көктемнің көрікті келбеті туралы ұғым беру...Келе, бер көктем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Көктем өлеңі
Қызылорд қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна...Көктем
1«б» сынып оқушысы: Саматқызы Аида...Көңілді көктем. Етістіктің шақтарын қайталау
Мақсаты: 1. Білімдік: Көктем туралы сұрақ-жауап арқылы әңгіме айта білу. Етістіктің шақтарын қайталау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.