Класы: 5
Сабақтың тақырыбы: Термин сөздер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: термин сөздер туралы түсінік беру, бастауышта алынған білімдерін еске түсіру
Дамытушылық: алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: термин сөздер жазылған плакат, әр - түрлі жетондар
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап т. б
Сабақтың эпиграфы: «Адам көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі мейірленеді. Шала мейір шала байқайды»
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабақтың мақспат - міндеттерімен таныстыру.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім - деп анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ
Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар, ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:
1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
Мысалы, әдебиет терминдері: поэзия, сатира, опера, образ т. б
4. Оқулықпен жұмыс. 193 - жаттығу. Математика, география, биология, тарих пәндері бойынша термин сөздерді жаздыру. Мысалы
Математика терминдері: квадрат, куб, косинус т. б
5. Өзіндік тапсырмалар беру.
- Әр түрлі тақырыптағы терминдерді пайдалана отырып, шағын мәтін құрату
- Ата - аналарының істейтін кәсібіне қатысты термин сөздерді қатыстырып әңгіме жаздырту.
6. Суретпен жұмыс.
Оқушылар суретке қарап, сөйлем құрап жазады. Ішінде термин сөзбен байланысын табады.
7. Мәтінмен жұмыс.
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К. Маркс) Музыканы сүю үшін ең алдымен, оны тыңдай білу керек. (Д. Шостакович) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді. (М. Әуезов)
Сұрақтарға жауап беру.
1. Әр сөйлемдегі ойды өз сөздеріңмен таратып айтқызу.
2. Өздерің білетін өнер түрлерін, олардың әрқайсысына қатысты термин сөздерді топтап жаздырту.
3. Өздері сүйетін өнер туралы әңгімелесу.
8. Сабақты бекіту.
1. Термин сөздер дегеніміз не?
2. Кәсіби сөздерден қандай айырмашылығы бар?
3. Қазақ тіліне тән терминдерді атаңдар?
9. Бағалау. Белсенділік көрсеткен оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
10. Үйге тапсырма. 201 - жаттығу. Шаруашылық түрлеріне қатысты термин сөздер жинастырып, карточка жасап келу.
Термин сөздер
- Gulsana
- 4 сәуір 2013
- 83390
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Термин сөздер, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру; 2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын...Х, һ дыбыстары
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Дауыссыз х мен һ, туралы білімдерін кеңейту, негіздеу. 2. Дамытушылық: Дауыссыз х мен һ әріптері бар сөздердің мән –...Тригонометрия әлеміне саяхат
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Мамакова Кулжамила...«Қарама-қарсы мағыналы сөздер»
Сабақтың тақырыбы: «Қарама - қарсы мағыналы сөздер»...Терминдер және сөз мәдениеті
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы Онды орта мектебі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.