Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Көшпелі халықтардың баспанасымен таныстыру. Тәуелдік жалғауларынан өткенді пысықтау.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту; аузекі сөйлеу тілін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әр халықты, олардың мәдениетін құрметтеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (слайд), сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
Оқушылдарды сабаққа бейімдеу.
Сөйлесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
- Сенің үйің қай көшеде орналасқан?
- Үйің неше бөлмелі?
- Сенің үйің қандай? т. б.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Киіз үймен таныстыру (сурет)
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады.
Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейіпіне қарай әртүрлі болады.
Киіз үйдің негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, есік. Есікті сықырлауық деп те атайды. Сүйектері жіңішке қайыңнан немесе теректен жасалады.
2. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а) Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазып алу.
ә) Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
киіз үй – юрта
көшпелі – кочевой
баспана – жилье
қолайлы – удобный
шымылдық – ширма
бұйымдар – предмет
әсем безендіреді – красиво украшают
тез құрылып, тез жиналады – быстро устанавливается, быстро разбирается
3. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.
а) мәтінді оқу.
ә) қазақ тіліне аудару
Киіз үй – көшпелі халықтардың баспанасы. Ол өте қолайлы. Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Қазақ халқы киіз үйді әсем безендірген. Киіз үйдің ішінде ағаш төсек, шымылдық, сандық, т. б. бұйымдар болады.
б) Сұрақтарға жауап беру.
Киіз үй кімдердің баспанасы?
Киіз үй қандай?
Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?
Киіз үйде нелер болады?
4. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл демалып, қалайық.
5. Тапсырмаларды орындау. Сөйлесім.
а) жаттығудағы сөйлесуді оқытып, өзара сөйлестіру
- Сен жазда қайда бардың?
- Мен жазда ауылға бардым.
- Ауылда кімдер тұрады?
- Ауылда саған не ұнады?
- Ауылда маған киіз үй ұнады. Жазда атам мен әжем киіз үйде
тұрады.
Киіз үй жазда салқын болады.
ә) Мұғалім мұражайдың суретін көрсетіп, ол туралы оқушыларға әңгімелетеді.
6. Дәптермен жұмыс. Жазылым. Оқылым. Айтылым.
а) Жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлемдердегі тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіру.
ә) Дұрыс айтылуын қадағалай отырып, сөйлемдерді оқыту. Мазмұнын айтқызу.
Кеше біз мұғаліммен бірге жайлауға бардық. Айнала – жап – жасыл. Ортада киіз үй тұр. Біз киіз үйге кірдік. Іші өте әдемі, салқын.
б) Киіз үй сөзді тәуелдеу.
І менің киіз үйім
ІІ сенің киіз үйің
ІІІ сіздің киіз үйіңіз
ІІІ оның киіз үйі
IV. Бекіту кезеңі.
Киіз үй, баспана сөздерін пайдаланып, сөйлем құрастыру.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Киіз үй кімдердің баспанасы?
- Киіз үй қандай?
- Киіз үйде нелер болады?
VI. Үйге тапсырма беру.
Киіз үй туралы әңгімелеу, суретін салу.
Киіз үй
- Жайнагүл
- 3 сәуір 2013
- 19993
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Киіз үй, көшпелі халықтардың баспанасы, қазақ тілі, тәуелдік жалғаулар
Ұқсас жаңалықтар:
Киіз үй
Киіз - өте қарапайым әрі тұруға қолайлы баспана. Тебіндік жайылым - жылқы малының қарды теуіп, оны тебіндеп аршып жеуі айтады....Киіз үй жабдықтары
Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту....Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару
Мақсаты: Қазақтың үйі - киіз үймен таныстыруды жалғастыру. Қазір адамдар әртүрлі үйлерде тұратынын, ал ата - бабаларымыз ыңғайлы, жиналмалы, жылы,...Киіз үй жабдықтары
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы...Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.